Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Өзбектер Корей тариханын эксперт

Өзбектер Корей тариханын эксперт

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 4 мая 2011
Anarka Must
 

 

Корейлік бір блоггер өзбектердің корей тарихын білуіне таңданып, пост жазыпты. Ол өзбектердің Кореяның Чосон дәуірінен бергі хандары мен патшаларын білуіне, олардың ұлттық киімдерінің түрлеріне дейін хабардар болуына таң қалыпты. Тіпті мектептеріндегі мұғалімдері «балалар Корей тарихын Өзбекстанның тарихынан да көп біледі» деп айтыпты дейді.

Ал мұндай жетістік, әрине, Корейлік тарихи сериалдарының арқасы. Корей киномотографистері тарихты сериалдар арқылы насихаттауда үлкен жетістіктерге жетті. Өзбекстанда көрсетілген «Ханзада Жумонг», «Ұлы ханша Сон Док», «Сарай әміршісі» және т.б. корей дорамалары ел көңілінен шығып, қызығушылық тудыртқан екен.

Бұл блоггер біздің елге келсе қазақтардың өзбектерден де эсперт екеніне көзі жетер еді. Өйткені қай уақыттан бері қазақстандықтар да корей тарихын сериал арқылы зерттеумен келеді.Соның жемісі, жабыла жүріп «Жумонг Ханзаданы» да шақыртып алдық.

Қазіргі кезде көбінің айтатыны, осы кәрістер сияқты біздер де неге тарихи сериалдар шығармаймыз. Біздің батырларымыз жоқ па? Үлгі тұтарлық азаматтарымыз жоқ па? – деген сияқты. Бар ғой, әрине. Алайда дәл осылай түсіре алатын режиссер, сценаристер бар ма десеңші? Киноматография жағынан Корея мен Жапония әлдеқайда алға кетіп қалғаны жасырын емес. Біз ондай дәрежелі сериалдар түсіре алатындығымызға әлі сене алмаймын, шыны керек.

Сол себепті де әзірге Қазақстан тарихын тек кітаптан ғана оқимыз, ағайын. ))



851
  • Илхам ИБРАГИМ Илхам ИБРАГИМ 04 мая 2011, в 18:07:22
    түсірген жағдайда да оны қарапайым қазақстандық көре алмайды. алдымен шетелге барып байқауға қатысып келеді. Жүлде алса араға бір неше жыл салып ресейлік РЕН ТВ арнасы сатып алады. Спутнигі бар көрермен оны тамашалйды бітті сонымен. Қазақстандық арналардың сатып алуына қаржысы жоқ. Ал отандық арнаға тегін беретін отандық кино түсіргіштер бар ма? Жоқ. Мәне, бар мәселе осы. естуім бар арналар кәрістің сериалының бір сериясын 400-600 долларға сатып алады екен. Сонда отандық фильм одан да қымбат болып тұр ғой.…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться