Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Kim Joon – Ким Чжун (Ким Джун)/ Song Il Kook – Сон Иль Гук Jumong : Астанада - Astana

Kim Joon – Ким Чжун (Ким Джун)/ Song Il Kook – Сон Иль Гук Jumong : Астанада - Astana

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 10 мая 2011
Куаныш Магзуов
 

Қазақстандағы Корея Республикасы жылы

{via kaz.korean-culture.org
}
 
Мерекелік шара жайлы Анараның блогынан оқыған едім. «Ханзада Жумоң» телехикаясында басты рөлді сомдаған Сон Иль Гук – Song Il Kook қатысады деп жариялаған соң, көзайымға айналған Жумоңты көріп қайтайын және кәріс сериалдарының әйгілі Жумонг феноменін түсінгім келген. 
Корея сериалдарын көп көретіндерден қатарында емеспін. 
4 мамыр күні “Сон Иль Гуктің қолтаңба беру рәсімі Корея мәдениет орталығында сағат  17-00 де болады, алғашқы келген 300 адамға” деген хабарландыруды тым кеш естіп қойдым.  Сол күні 13-20 дағы ұшақпен шығып, өтетін жеріне 15-30-те келдім. Келсем есік аузынан сыртқа дейін тізілген жастарға толып тұр.  Кезектің басына барып көрсем Астанаға арнайы келген апамыз 1-ші нөмерді ұстап отыр, қасында үш немересінің қолын ұстап. Қолтаңба алып қалу үшін Алматыдан, Шымкенттен, Қарағандыдан және т.б. қалалардан арнайы келгендер де бар екен. Сөйтіп, тұрған халықтың жартысын ішке кіргізіп, Сон Иль Гукті қарсы алуға дайындады.  
Міне “Жумоң” феномені!
Төмендегі бейнелерден толығырақ көрсеңіз болады:
 
 
 
 
Белгіленген уақытта қолтаңба беру рәсімі басталды. 
 
“Сәлеметсіздер ме! Менің атым Сон Иль Гук. Танысқаныма қуаныштымын”
 –деп актер қазақша амандасты.  
 
Қолтаңба беруге арналған  1 сағаты жетпей, 3 сағатқа созылды.  Төрт жүзден аса қолтаңба беріп, әр-кімнің есімін плакатқа жазып, олармен суретке түсіп отырған актерде үлкен шыдамдылық барын байқадым, мүмкін үйреніп қалған болар қолтаңба беріп,  бірақ қолтаңба беру рәсімінен кейін берген сұхбатта мұндай аншлакты күткепегін айытты. 
 
“Қазақша сөйлеуімді  Әйгерім Айдарова үйретті”
 
Ол Кореяда халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқиды. Әйгеріммен бір газетке сұхбат беру барысында танысқанмын. Біз дос болып кеттік. Әлі күнге араласып тұрамыз. Ол маған Қазақстан туралы көп мағлұмат айтты. Әйгерімнің әңгімесінен кейін Қазақстанды жақсы көріп қалдым. Ол маған қазақ тілін үйретті. Қазақстанға барғанда тек қазақ тілінде сөйлеңіз деп кеңес берді. Менен қолтаңба алғандардың атын сұрағанымда, оннан астам қыздың аты Әйгерім екен. {түпнұсқасы — Халима БҰҚАРҚЫЗЫ}
 
{via kaz.korean-culture.org
}
 
Қолтаңба рәсімі біткен соң, қайттық.
 
Ертесінде сағат 11-00 де болатын  баспасөз конференциясы, Астананы қыдырып жүріп алысқа кетіп қалдым деп Сон Иль Гук кешірім сұрап, 11-45-те басталды.
Ли Бэ-Йон, Корея Республикасы Президенті жанындағы ұлттық бренд комитетінің төрайымы:
Қазақстандықтарға жақсы қарсы алып, бауырмалдық көрсетіп жатқаны үшін алғысымды білдіремін. Біз үшін Қазақстанмен әріптестік өте маңызды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін экономикалық қарым-қатынас қажет, бірақ мәдени, рухани байланыстың рөлі де зор екенін есте тұтқан жөн. Бүгіннен басталатын «Кореяның Қазақстандағы жылы» екі халықтың достастығын нығайта түсетініне сенімдімін.
{kaztrk.kz, Альбина Әшімқызы }
 
 
 
Осылай Ли Бэ-Йон ханымның сөзін тыңдадық, сосын отырған актерлерге бір сұрақтан қойдырдып тез арада баспасөзді бітірді. 
Соныңда Kim Joon – Ким Чжун (Ким Джун) мен Song Il Kook – Сон Иль Гук екеуімен халық суретке түсіп үлгерді.  Өзімде түстім.
 
Сол арада Анараға Сон Иль Гуктен қолтаңба алып үлгердім. 
 
Сон Иль Гук jumong біраз отырып, ішкі дүниесін сонда ашып берді сұрақ қойғандарға,  есімде болатын мына жәйт, актер тілшілермен араласа бермейді, көп сұрақтарға жауап қайтармайды дегенді.
Мында керісінше болды деп өзі айтып өтті.
 
 
Сөйтіп кешке ашылу салтанатында кездесерміз деп көрісіп кеттік.
 
Сол арада Керуен ойын-сауық кешеніндегі интернет-кафеде біраз отырып, сағат төтртен өте бергенде “Қазақстан” атындағы орталық  конценрт залы бет алып барсам, жастар у-шу болып жатыр.  Жиналған халықтың 90 пайызы жас қыздар.
Сыртанда біраз жүріп ішке әрең дегенде кірдім, зал 3500 орынға арналған екен, халықтың саны 4500 мыңның үсті болмаса, одан аз емес. Жастардың көпшілігін жағарғы бөлігіндегі бірінші, екінші  ярустардағы ложаларға жіберіпті.
{дұрыс бопты, төменде партерде болғанында Ким Чжунді тап-тап кетер еді }
Сонымен залда есіктер жабылып концерт басталды.
 
Сәлемдесуді қазақтың жүргізушісі қазақ тілінде бастап, қасында arirang кәріс телеарнасының жүргізушісі амандасуын ағылшын және кәріс тілдерінде қатар жүргізіп кетті.
 
Қысқаша жаңалықтағы видеоны ұсынайын:
 
 
1. Кейін, жүргізушілер сахнаға “Чонгдонг” театрын шақырып, концертті бастады. “Чондонг” театырының басты режиссері Чой Чмонг-им қойған “Мисо” мюзиклін тамашаладық. Өзіме ұнады.
 
2. “Ханзада Жумонг” атты кәріс сериалының басты рөлін сомдаған Сон Иль Гук шығып, сөзін қазақшадан бастады. {Сұхбат арасында айтқан сөзі: Әйгерім маған тек қазақша сөйле деп айтқан, соны ұнатады депті, қандасымыз} Әйгерім саған рахмет, қазақша үйретіп жібергеніңе. 
Қазақ тілді жүргізушісіміз сахнаға шыққан актерлерге қойған сұрақтардың бәрі осылай басталды: Сіз Қазақстанға алғаш келуіңіз, әсеріңіз қандай? Керемет. Халық ыстық ықыласпен қарсы алып жатқанына үлкен алғысым білдіремін, деді.
 
3. Кәріс сериалдарының және киноларының саундтректерді атақты орындаушыСо Ëнг-ын (Seo Young Eun) сахнаға шығып бір әнін орындап болған соң, қобалжып тұрмын деді, елшіліктен болған аудармашы бізге кәрісшеден орысшаға аударып тұрды.  “Сендер кәрістерге ұқсайды екенсіңдер, бірақ кәріс емессіңдер сол себепті қобалжудамын” – деп күлімсіреп, сендер сұлу екенсіңдер деп залды бір марапатқа бөлеп алды. Соңында қалжындап менде сұлумын дегенімен жарастырып жіберді.
 Төменде орындаған әндері:
 
«Алғашқы махаббат” сериалына саундтрекгі – “Менің жүрегімде”
 
 
 
“Кешір, мен сені сүйем” сералына саундтрегі – “Қарлы гүл”
 
 
“Аққала” сериалына саундтрегі – “Мен жалғыз емеспін”
 
 
 
 
4. Көтеріліп келе жатқан қыздар тобы“JQT”, 
Әндері: “Peekaboo”, “Tip-Toe”, “Саған білу қажет емес”
Өте сүйкімді бойжеткендер екен. 
Әндері жақсы екен, бұрын бұл топты шетелдік V-Channel арнасынан естіген екенмін.
 
 
5. ТОЙДЫҢ ҚАЙМАҒЫ болған “T-MAX” тобы, бұл топтың құрамына “Жігіт сарбазы н/е F4” сериалының басты рөлдердің бірін сомдаған Ким Чжун (Ким Джун) кіреді. 
Орындауларындағы әндер:
“PARADISE”
“SAY YES”
“Жігіт сарбаздары / F4” сериалының саундтрегі – “Жаным батып ауырсын”
Осы кезде залда болған жігіттердің құлағының пердесінде темір сымды созып тартқан сәтте сезетіндей  дыбыс болды, десем артық болмас!!! Әй-қыздар-әй-қыздар-әй!
 
Қыздардың соншалықты айқайлағаны, зал қазір жарылып кететіндей болды!!!
 
Қыздардың дауыстарынан қуаныштың сазы білінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ең қызығы, концерттен кейін сыртқа шықсам, жігіттерің қыздарды балағаттап жатыр: 
 
“Мына қыздарды қарашы, болмайтын қызтекелерге сонша айқаплап жатыр” деп.
 
6.  Концертке қатысушылардардың бірігіп орындауындағықазақтың халық әні “Дударай”
Концертте болған жағдайды бейне матиралдардың өздері айтып тұрған секілді.
 
{via kaz.korean-culture.org
}
 
P.S.: 
Корея сериалдарының қазақ жастарының арасында қатты әйгілі екеніне көзім жетті.
Мерекелік шаралардан кейін, әке-шешемнің кеңес үкіметі кезінде әдемілікті,  жан тазалықты, шынайы махаббатты, әдептілікті, адалдықты беретін киноға деген шөлдерін үнді кинолары қандырған деп айтып отыратын еді. Сол кезең ді мына қазіргі қазақ жастарында болып жатқан жағдайға ұқсас деп түсіндім, басқаша болуы да мүмкін, кім біледі? Өйткені, зорлық, сенімсіздік, кинодағы қазақ жастарына жат нәрселерден жалықты.  Адамгершілікті, таза ойды, шынайылықты, тәрбиелік мағынасы заманауи түрде ұсынған көріністі қажет етуде, осынның  көпшілігі осы кәріс сериалдарында көрініс табады.
 
Кәріс сериалдарына қарап отырсаң кәріс халқының салт-дәстүрлері, тәлім тәрбиесі бізге тартады: үлкенді сыйлау және т.б. с. Сонысымен жеке өз басыма ұнайды.
 
Астанаға барып келгеніме қуаныштымын. Ойда болған жоспарларымды орындап, естелікке суреттер, қолтаңбалар ала келдім.  Астанамызда өзгеріп кетіпті, 3 жыл болған екен соңғы келгеніме.
 
Қыздар, бірақ біздің ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІНЕ жетпейді!!! 


6011
  • Erkekyz C Erkekyz C 11 мая 2011, в 11:10:18
    Комментарий удален пользователем
    • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 11 мая 2011, в 11:14:31
      оқасы жоқ, қолтаңба өзің кімнен алғың келген: Сон Иль Гуктан ба әлде Ким Чжун (Джун)?
      ответить
  • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 11 мая 2011, в 11:17:09
    Ескертпе: Kim Joon – Ким Чжун (Ким Джун). F4 — жігіт сарбазының есімі кирилше мына Ким Чжун нұсқасын қолдасаңыздар дұрыс болады, Ким Джун бұрыс болып есептеледі.
    ответить
  • elvira almaty elvira almaty 11 мая 2011, в 11:48:36
    Қуаныш, әдемі, үлкен пост жазыпсың. Бірақ неге ОН.кз-те? Бұл жер түк ұнамаса да, саған бола (алғысымды білдірейін деп) тіркелуге тура келді…

    Жақсы бейнебаян жасапсың! РАХМЕТ! Негізі кореялық делегация 3 мамырда келген сияқты Қазақстан жеріне, 6-да қайтып кетті. Концерт 5-де болса, қалған күндері не істеді екен? Қазақстан жері мен мәдениетімен таныстырылды ме екен? Корей сайттарын бір сараптап көру керек екен, өз елдеріне қандай оймен қайтқандарын білу үшін. маған бәрінен сол қызық болып тұр. Әйгерім Айдарова сыртта жүріп, қазақ мәдениетімен таныстырып жүргенін оқып қуандым. молодец қыз!

    Кездесуге Корея жақтан Вице-министр қатысқан болса, біздің жақтан кімдер болған екен, білесің ба? Сен концертке де қатыстың ба, әлде қолтаңба алып қана қайттың ба?

    Видеоларды қарап, біздің сахналарымыздан ұялып қалдым. Кедейский екен.

    P.S. деп жазғандарыңмен толықтай келісемін. Корей сериалдырының қазақ жерінде тез танымал болғаны, сол сен айтқан себептерге тікелей байланысты д/о. Бұрындары осы себептер үшін түрік сериалын көруші еді бәрі. Қазір түрік сериалдар бұзыла бастаған-ау шамасы.
    ответить
    • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 11 мая 2011, в 15:10:56
      Элвира пікіріңе үлкен рахмет!

      Он.кз-ке салғаным, Анара осында кәріс сериалдарына қатысты қоғамдастық ашты, осында корейсүйер қауымды осында шоғырландырайық деген мақсатпен.
      Бұл сайт қазақ тілді қолданушы есебінде ұнамауына келісемін,
      бірақ сайт болашақта қазақ тіліне бағытталады, деп сүйінші хабарымды жеткізуге тура келді. Сол себепті осы күннен бастап осында шоғырланғанымыз абзал.

      Қазақстан жерін міндетті түрде көрсетілген болуы керек, өйткені олардан
      қазақ жеріне алғаш келуіңіз, әсеріңіз қандай деген сұрақтарға көпшілігі
      жауап беріп жатқаны есімде. Енді оларды қазақ мәдениетімен таныстыру мақсатында шаралар болғаны жайында хабар жоқ әзірше.

      Концертке өзім қатыстым, қолтаңба одан бұрын болған.

      Төменде біз жақтан болған:

      Мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев бұл шаралардың арқасында қос елдің ынтымақтастығы дами түсетініне сенім білдірді. Кореядан келген қонақтардың пікірі де осыған саяды.

      -

      Сұхбаттардың арасында Сон Иль Гук'қа мынадай сұрақ қойылған болатын:
      «Ханзада Жумоң» телехикаясында әскери киімдерінде қазақтың ою-өрнегі, орнаменті кездеседі деп сұрақ қойылған. Оған Сон Иль Гук ұқсастық болу мүмкін деп жауап берді.
      Осыған қатысты Айқын баспасында мынадай мақала жарық көрген:

      Қазақтың оюы Жумонгтың жағасында қайдан жүр?
      Жер-жаһанның жұртшылығын қайдам, әйтеуір қазақстандық қазақ тілді телекөрермендер үшін корей мен түрік сериалдары өмірдің құраушы бір бөлшегіне айналып үлгергендей. Мәселен, бүгінгі күні «көк жәшікке» телміргендер арасында сериал үшін кешкі тамағын былай қойғанда, намазын да қаза қылатындар баршылық. Оны жасырғаннан опа таппаспыз. Мұның барлығы сол сериалдардың шытырман оқиғалары мен аударма тілінің жатықтығынан және тартымдылығынан болар. Бірақ сандалған сериалдардағы кейіпкерлерге қарап отырып қазаққа тән дүниелерді де байқап қаламыз. Сол жағына ойыссақ.
      Жақында «Қазақстан» телеарнасы «Жумонг» сериалын тәмамдады. Көрдік, көзайым болдық. Бірақ «Жумонгтың жағасында қазақтың қошқар мүйіз оюы қайдан жүр?» деген дүдәмал ойға қалдық. Көшпенділерге тән өрнек Хан әулетіне қарсы шапқан қолбасшының қолына қайдан түскен? Жалпы, ұлтымыздың оюлары көне түркі ескерткіштерінде де бедерленген. Сонысымен де біздің ұлтқа тән екендігін айшықтайды. Олардың көбісі қазіргі уақытта ел нышандарында, түрлі замана ағымына қарап салынған археологиялық ғимараттарда көрініс тапқан. Бір ғана алтын адамның киімінде бедерленген өрнектер қазір қолданыс кеңістігін тапты. Яғни осылайша ел ағалары ұмыт болған жауһарларымызды жандандырып жұртымызбен қауыштыруда. Бұл – өлшенбес еңбек. Ал шетелдік сериалдардың қаһармандарының киімінде жүрген ұлттық өрнектеріміз тағы да өзіміздің салғырттығымыздан шығар. Басқаша ой түйерге себеп жоқ.
      Жасырып қайтеміз, қазіргі күні қазақтың құндылықтарына қызығып жүргендер қаншама?! Көбісі арнайы патент алып та үлгерді. Осылайша өзіміздің аталарымыздан мирас болған мұраларымыз өзгелердің иелегінде кетуде. Мәселен, Тынық мұхитына дейін тұяғы тиген арғымақтарымыздың тұқымын ағылшынның айғырынан артық көрмейміз, қасқыр түгілі аюға алдырмайтын төбетіміздің үргені түркімендердің үйшігіндегі Алабайдан аспайды, онсыз тойлар өтпейтін көкпарды қырғыздар қанжығалауға ниетті, құрамында Менделеев кестесінде түгел элемент сарқыны бары қымызға немістер көз алартуда, қырандарымыз шетелдің тауларына ұя салуда. Және сол жақтарда сіңісіп барады. Бұл көзге көрінбейтін бағасыз байлығымызды бөтенге тегін берудің белгісі екені даусыз. Бұлай жалғаса берсе, ұлттық болмысымызға тән дүниелерден бір-ақ күнде көз жазып қаларымыз анық. Аталмыш жайттарды талдай қарасақ қазақтың қошқар мүйіз оюы да «қолды» болып кеткен секілді. Әйтпесе, үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын корей сериалдарындағы кейіпкерлерге біздің ою қайдан келген? Сондықтан да ұлтымыздың айнасындай болатын құндылықтарды қорығанымыз абзал болар. Егер бұлай жалғаспаса ертеңгі күні еуропалықтар жаутымақ, күнбатыстағылар құндыз бөрік, күн шығыстағылар сәукеле киіп шықпасына кім кепіл?!

      Бейбіт БӨЖЕН, Павлодар қаласы«Айқын». {adyrna.kz}

      Осындай қызық дүниелер бар...
      ответить
      • elvira almaty elvira almaty 11 мая 2011, в 23:25:32
        Видео жұмыста ашылмаған еді, сол үшін қазір ғана қарап шықтым бәрін. Асқар Бәрібаев неге орысша сөйледі екен?! шала болса да неге қазақша сөйлемеді млин. Шетелдіктерден ұят! мемлекеттік қызметкер болып тұрып, мемлекеттік тілде сөйлемегені өте ұятты нәрсе. бірінші видеоларда Т-макс тобының бір әншісі «рахмет» емес «спасибо» деп айқайлағанда, Қазақстанға келгенін ұмытқан ба деп ойлап қойып едім өзімше намыстанып, (мәдениет!) министр орынбасарының орысша сөйлегенін естіп… Сосын елшіліктің / мәдениет орталығының басқа аудармашысы табылмаған ба? корей тілін оқып жүрген студентті шақыртып алса, жақсырақ аударма жасап берер еді деп ойлаймын. Сосын тағы ұнамаған бір нәрсе, әртістердің жанды дауыспен айтқаны бір түрлі екен. Қанағаттандырмады =) «Дударай»-ды бірігіп жақсы айтқан екен, бірақ не в тему — не биге үйлесті, не де сол кнцерттің тақырыбына =) хе-хе, критика көп болып кетті ма? видеоны қарамай, суреттерің мен жазғаныңмен тына салуым керек ед =) п.с.: видеоны өзің түсірдің ба? соткаға? камераға? қандай?
        ответить
        • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 12 мая 2011, в 09:46:36
          Асқар Бәрібаев сөзді қазақша бастады, жақсы сөйлеген еді, неге орысшасын алғанын түсінбедім, н/е арнайы көрсеттіме. Т-МАХ тобына рахметті орысша айтқанында бір түрлі болып қалған едім, өйткені Сон Иль Гук жүрген жерінде тек қазақша сөйлеп бастаған және қазақша аяқтап сөзін, енді бұның Әйгерімнің еңбегі, T-MAX-тобына орыс тілді қазақтарымыз әлде кім үйреткені белгісіз. (?) Ана аудармашы қыздың орысшасы өте нашар, ол кісі Корея республикасының Қазақстандағы елшілігінен екен. Басқа кісілерді жолатпаған сияқты :( Астанадағы Корея мәдениет орталығындағы қазақ қыздары кәріс тілдерін судай біледі, сол қыздар аударса керемет болар еді деп іштей ойлап отырдым. Жанды дауысқа келіспеймін, жеке ойым: өйткені ол видеона жақсы болып естілмегенмен, концертке қатысып тыңдаған адамға ұнайды деп ойлаймын. Видеода қыздардың айқайы өлеңді толық тыңдатуға деген мүмкіндік бермеді. Критика болғаны жақсы ғой, сын айтылмай мін түзелмейді емеспе. Видеоның Сон Иль Гукпен өзім түсірдім кейбіреулерін, ал қалғандары интернеттен алынды.
          ответить
        • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 12 мая 2011, в 09:46:37
          Асқар Бәрібаев сөзді қазақша бастады, жақсы сөйлеген еді, неге орысшасын алғанын түсінбедім, н/е арнайы көрсеттіме. Т-МАХ тобына рахметті орысша айтқанында бір түрлі болып қалған едім, өйткені Сон Иль Гук жүрген жерінде тек қазақша сөйлеп бастаған және қазақша аяқтап сөзін, енді бұның Әйгерімнің еңбегі, T-MAX-тобына орыс тілді қазақтарымыз әлде кім үйреткені белгісіз. (?) Ана аудармашы қыздың орысшасы өте нашар, ол кісі Корея республикасының Қазақстандағы елшілігінен екен. Басқа кісілерді жолатпаған сияқты :( Астанадағы Корея мәдениет орталығындағы қазақ қыздары кәріс тілдерін судай біледі, сол қыздар аударса керемет болар еді деп іштей ойлап отырдым. Жанды дауысқа келіспеймін, жеке ойым: өйткені ол видеона жақсы болып естілмегенмен, концертке қатысып тыңдаған адамға ұнайды деп ойлаймын. Видеода қыздардың айқайы өлеңді толық тыңдатуға деген мүмкіндік бермеді. Критика болғаны жақсы ғой, сын айтылмай мін түзелмейді емеспе. Видеоның Сон Иль Гукпен өзім түсірдім кейбіреулерін, ал қалғандары интернеттен алынды.
          ответить
  • Anarka Must Anarka Must 11 мая 2011, в 13:03:33
    Комментарий удален пользователем
  • Anarka Must Anarka Must 11 мая 2011, в 13:04:51
    Үстіңгі суретте «Аққала» емес, «Дворец» сериалының суретін қойып-қойыпсың )) Өзіңнің автографтарыңды қоймадың ба, маған ғана алғандай болып қалды ғой )))))) Жақсы жазыпсың, рахмет! Жігіттер қыздарын бекер олай айтады. Өнерге табыну, қолдауда тұрған ештеме жоқ деп ойлаймын.
    ответить
    • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 12 мая 2011, в 09:50:07
      Аққала емес екен ;) Өзімнің алған қолтаңба сканерлеу қажет алдымен, сенікін Астанада жасаған едім
      ответить
  • AIGERIM AIDAROVA AIGERIM AIDAROVA 12 мая 2011, в 13:57:29
    аудармага ишим куйип отыр :( ыыыыы аттен...
    Бирак Сеулде еки елдин президентинин катысуымен откен Корея жылынын ресми ашылу шарасына жауапты Кореядагы Казакстан елшилиги болатын. Сол кезде барлык уйымдастыру шаруасы Казакстан жакка жуктелген. Бирак осы жолы керисинше, Казакстанда Корея жылынын ашылуына байланысты барлык шарага (сонын ишинде аудармага да) жауапкершилик корей елшилигине артылды. Аудармашыны да оздери кою керек болгандыктан, Казакстан жактын араласу мумкиндиги болмаган сиякты..
    Негизи аударып жаткан киси орыс тилинин жаксы синxронды аудармашысы еди, xалыктын алдына шыкканда кобалжып аудара алмай калган сиякты. тусинуге болады.
    ответить
  • AIGERIM AIDAROVA AIGERIM AIDAROVA 12 мая 2011, в 14:07:42
    Кыздар неге сонша айкайлаган? уят-ай :D
    ответить
    • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 12 мая 2011, в 14:16:01
      сонда болған қыздардан жауап алған дұрыс болар ;)
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться