Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   SM Entertainment Қазақстанда кастинг жариялайды

SM Entertainment Қазақстанда кастинг жариялайды

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 17 июня 2011
Anarka Must
 

SM Entertainment – Оңтүстік Кореяда беделді продюссерлік орталығы Қазақстандық өнерпаздарға кастинг жариялайды. Кастинг Алматы қаласында 2011 жылы 11 шілдеде өтеді. Іріктеуге ұлты, жасы, жынысына қарамастан кез-келген азамат қатыса алады. Финалға шыққан жеңімпаз әлемдік сахналарда SM Entertainment қатысушыларымен бірге Азия құрлығының атынан өнер көрсетеді.

Бұл продюссерлік орталық қазіргі уақытта әлемге танылып үлгерген BoA, Super Junior, SNSD, SHINee, f(x), KANGTA, The Trax, Го А-ра, Ли Ён Хи сияқты өнерпаздармен жұмыс істейді. (Корея индустриясымен таныс емес адамдарға айтарым, өз арасында өте танымал топтар, әншілер, дарынды өнерпаздар).

Бес саусағынан өнер тамған әрбір адам осы кастингке қатысып, өз өнерін көрсетсе болады. Жеңімпаз SM Entertainment орталығымен жеке контрактіге отырады.

Толығырақ мына жерде.

Осыған байланысты SM Entertainment арнайы ролик те дайындаған екен. Тамашалап көріңіздер:



695
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 17 июня 2011, в 16:15:57
    Анар, жол бастап өзің барсай)))
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 17 июня 2011, в 16:23:45
      Әттең өнер атаулыдан алшақпын ))
      ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 24 июня 2011, в 23:47:10
    Жақсы екен. Бірақ бұлар қазақ тілді немесе орыс тілді өнерпаздарды қалай жобаларға қатыстырмақ екен. Қызық.
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 25 июня 2011, в 12:00:52
      Түбінде кәрісше, ағылшынша айтатындықтан бәрібір шығар. Бірақ азиаттық түр іздейтін сияқты бәрібір.
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться