Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   City Hall/Мэрия/Әкімшілік

City Hall/Мэрия/Әкімшілік

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 21 июня 2011
Erkekyz C
 

 

Кеше түнде осы сериалды қөріп бітірдім. Маған ұнады. Бастапқы 6 сериясын үзбей таң атқанша қарап шықтым. Бұл сериал менің фаворит сериалдарымның біріне айналды. Романтикалық комедия жанрында түсірілген сериал болғандықтан ба, өте ұнады. Айтпақшы ішінде саясат та бар. Сонымен сериал туралы қысқаша айта кетейін. Чо Гук- ақылды, дарынды, жас әрі сымбатты саясаттанушы. Көксегені көк үй.(Голубой Дом), Оңтүстік Кореяның президенті болу. Бірақ жоспары өз ойлағанындай болмай шығады. Оны қарапайым Инчу атты ауылға әкім орынбасары етіп жұмысқа жібереді. Инчудың әкімі мен әкім орынбасары арасында кішігірім соғыс басталады. 

Шин Ми рЭ-аңғалдау, ең төменгі дәрежелі әкімшілік қызметшісі. Әкімнің хатшысы. Хатшы деген аты болмаса, жәй ғана кофе даярлаушы.  

Әкім және вице-әкім екеуі бір-бірінің қадамын аңду үшін Ми Рэні пайдаланады. Осылайша Чо Гук пен Ми Рэнің арасында махаббат пайда бола бастайды. Екі от арасында қалған Ми Рэ кімді және қандай жолды таңдайды? Қаланың әкімі ендігіде кім болады? Ел президенті ше? Осының бәрін сериалды көре отырып, білесіздер. Көруге кеңес беремін. Актерлік шеберліктеріне тәнті болдым. Күлетін жерінде күлесің, жылайтын жерінде жылайсың. Эмоция жетерлік. Әрине талғамда талас жоқ екенінде айта кетейін.

Шыққан жылы: 2009

 

Жанр: комедия, романтика, саясат.

Рөлдерде: Ким Сун А-Шин Ми Рэ

Чха Сын Вон-Чо Гук

Чху сан Ми -Мин Чун Хва

Ли Хюн Чхоль -Ли Жон До

Бұл сериалдағы басты актер, актрисаларды бірінші рет көруім. Солай ішінен бір жұлдыз қатты ұнап қалды. Актер  Lee Joon Hyuk  Соңғы көрсетіліп жатқан «City hunter»(Қала тыңшысы) атты сериалда ойнайды екен, сонымен қатар 31 арналан көрсетіліп жатқан «Three brothers»(Үш ағайынды" атты сериалда да ойнайды екен.

 

OST аз болғанымен құлаққа жағымды өлеңдер екен. Кәрістер қашанда сериалға қарағанда саундтректі тамаша жасайды ғой. Қысқасы мың рет естігенше, бір рет көріңіздер. Рахмет. :)



546
  • Anarka Must Anarka Must 21 июня 2011, в 16:03:36
    Рахмет! Келесі ретте не көру керек екен дегенде осыған жүгінетін боламын. Айтпақшы, "Үш ағайындыны" аяқсыз қалдырғаны ұнамады. Әлде әлі көрсетіп жатыр ма екен?
    ответить
    • Erkekyz C Erkekyz C 21 июня 2011, в 16:14:57
      Ол жағын білмедім еді, сорри. Мен әркез инеттен қарап жүрмін Mysoju-дан, сапасы өте нашар енді. Алайда 31 арнаның телебағдарламасында көрсетіліп тұр дейді.,әлде қайталап беріп жатқаны ма екен? (ялған смайл)
      ответить
      • Anarka Must Anarka Must 21 июня 2011, в 16:26:36
        Е, солай де. Актер сұлуы сұлу енді ))
        ответить
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 21 июня 2011, в 18:26:46
    Суреттеріне қарап-ақ, жақсы әрі қызықты екеніне көзім жетіп тұр))))
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 25 июня 2011, в 02:17:46
    Сериал атаулыны көрген қызықты ғой, бірақ уақыт кетеді. Маған да романтикалық комедиялар ұнайды. Сен сериал аяғында әлгі бас кейіпкер жігіттің президент болатынын айтып қойған сияқтысың.)))
    Мен бір сериалдың қалай аяқталатынын оқып алып, өкінгенім-ай. ))
    Ревюге рахмет. Көру керек деген сериалдардың тізімне қосып қойдым.
    ответить
    • Erkekyz C Erkekyz C 30 июня 2011, в 12:35:30
      Мен де оқып алған едім, бірақ бәрібір көргенде бәрібір басқаша болады.)
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться