Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Алматыдағы кастинг / SM Entertainment

Алматыдағы кастинг / SM Entertainment

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 11 июля 2011
Куаныш Магзуов
 

 

 

SM Entertainment Алматыда халықаралық кастинг жариялап, П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжінде 10 шілде күні  өткізді. Ақпараттың бәрі осы жерден таратылды audition.smtown.com/GlobalAudition1105.asp#information.
 
Іріктеу кезеңіне 2 500 өтініш жасалынған екен, бәрін қабылдау мақсатында уақыттарға бөліп шақырылды.  Қатысу үшін шарттары бойынша ұлтқа, жасқа, шектеу болмады.
 
Іріктеу сынынан өткендерге SM Entertainment’пен келісім шартқа отыруға мүмкіндік беретінін мәлім етті. Яғни дүниежүзілік аренада Азияның өкілдерінің қатарында өздерін көрсетуге мүмкіндік береміз деп уәде етті.
 
Оңтүстік Кореядағы ең ірі агенттіктердің  SM Entertainment, бұл агенттікте көптеген Корея жұлдыздарын алып келді (BoA, Super Junior, SNSD, SHINee, f(x), KANGTA, The Trax, Го А-ра, Ли Ён Хи).
 
Іріктеуге ән айта, би билей, сахналық және моделдік өнерін көрсете алатын жас-таланттар үшін әрқайсысына 2 минуттан уақыт берілді.
 
Қатысушылардың орташа жасы 16-17 десем қателеспеспін.
 
Сурет-видеоға түсіруге рұқсат берілмеген соң, сөзбен ана жақта болған атмосфераны жеткізу қиын.
 
Бүкіл Қазақстаннан  арнайы, келген қатысушылар болды (Ақтаудан, Қызылордадан, Павлодардан және т.б.).
 
Басқа елден келгендер де болды. (Мәскеуден, Екатиренбургтен, Санкт-Питербургтен және т.б.) 
 
 
Төмендегі бейне жазбалар кастингке дейін болған флэшмобтан үсзінділер:
 
 
 
Байқағанымша кореялықтарға түр әлпеті келетін бозбалармен,  бойжеткендерді көздеп келген сияқты.
 
Ешқандай БАҚ өкілін кастингке қатыстырмағаны мен үшін, түсініксіз болып қалды.


850
  • Anarka Must Anarka Must 11 июля 2011, в 11:17:44
    Маған ұнағаны залда осы SM Entertainment-тың иелігіндегі топтардың клиптерін қойып қойды. Қыздар клипке қосылып, ән айтып, кейбірі билеп кеткен кездері болды. Бірақ администрация келіп бәріне ұрсып тастады. Тыңдау жүргізген бәрі дерлік таза кәрістер болған сияқты. Аудармашылар қазақ қыздар болды.
    ответить
  • Anarka Must Anarka Must 11 июля 2011, в 11:34:16
    Флэшмобты өткізген қыздарға мықты! Ұйымшылдықтары керемет екен.
    ответить
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 11 июля 2011, в 11:53:08
    видеодан қайсысы қазақ, қайсысы басқа ұлт екенін ажырата алмай қалдық қой))) Қазақтар кореялықтарға қатты ұқсайды негізі)
    ответить
  • * Meirzhan * Meirzhan 12 июля 2011, в 19:44:34
    Қазақстаннан біреу өтті ме?
    ответить
    • Куаныш Магзуов Куаныш Магзуов 12 июля 2011, в 20:19:03
      Әрине, қазақтың сұлу бойжеткендері мен бозбалаларын жинап кетті
      ответить
      • * Meirzhan * Meirzhan 12 июля 2011, в 20:30:13
        ешкімнің есімдері белгісіз, бұл өзі құпия операция болғанға ұқсас қой.)
        ответить
  • лена ли лена ли 18 февраля 2012, в 21:51:38
    ужас!!!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться