Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Менің Кореяға деген махаббатым)

Менің Кореяға деген махаббатым)

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 20 октября 2011
Erkekyz C
 

Ех, Корея. 5 әріп, бір арман деп па). Бірақ шыны сол, Корея мен үшін арман. Өмірімде Кореяға бір бармасам өзімді кешірмейтін сияқты сезінемін.  Есімнен ауысып кеткенше фанатеть етпеймін, бірақ бәрібір ішіп отқан асымды Корея десе жерге қоя аламын. Ең алғаш, ең бірінші қараған сериалым «Звезда души моей» деген сериал еді. Нақты есімде жоқ, бірақ 2000 жылдың арғы мен бергі жағы еді. Бай, сымбатты жігіт пен жетім, жас дизайнер қыз арасындағы махаббат туралы еді. Немесе Золушканың кәрісше нұсқасы десе де болады. OSt қандай еді десеңізші! Ол кезде интернет  тұрмақ, компьютердің барын да білмегенбіз ғой. Әйтпегенде жүктеп алар едім өлеңдерін.))

Бұл менің алғашқы махаббатым еді, кейін жалғасты небір сериалдар, атап айтқанда: "Қыс сонатасы", «Жүрегімде қалған күз», «Все о Еве», «Ва-Банк». Кейін Қазақстан, Еларна телеарналары небір жақсы сапалы сериалдар көрсете бастады. Ал, интернет әлемінен сериалдарды 2009 жылдан бастап қарай бастадым. Соның өзінде қаншама сериал қарап тастадым. Басы Boys over flowersтен бастап соңы I'm legendпен аяқтадым. 

 

Айтпақшы, осы Корея толқыны Қазақстанға, нақтысы Астанаға келеді дегенде, ұйқымнан айырылдым. Астанаға үйдегілер еш жібермейтін, өзімнің де баруыма аса себеп болмаған соң, бармайтынмын. Кәрістер келеді дегеннен үйдегілердің құлақ етін жеп, кәдімгідей киімдер алып, кем-кетіктерімді түгендеп дайындала бастадым, бір жағынан ата-анама «вызов» болсын дедім, барам да барам, жіберіндер деген сияқты. Алла сәтін салса болады екен, ойда-жоқта Астанаға да барып қалдым. Сол уақытта Сон Иль Гук 4 мамырда автограф береді деген соң жетіп бардым ағамды сүйрей. Қысқасы, автограф алдым ғой. Сол кезде көптеген фанаттарын көріп, аузым ашылып қалды, бірнешеуімен сөйлесіп, керемет әсер алып қайттым. 

Қазір өкінішке орай интернетім шектеулі, сериал қарай алмай қалдым. Еларна мен хабар арнасы осы қалыпта жалғастырар болса, төбем көкке жетпек түгіліп, ары тесіп өтер еді. :))

 

Дәстүріне келетін болсам, қызық. Сериалдарын тамашалап отсаң, кейбір салт-дәстүрлері біздікіне ұқсап кетеді екен. Киімдері де сондай әдемі. Ұлттық киімдері -Ханбок деп аталатнын білетін де шығарсыздар. Тарихи дорамаларын көріп отқанда декорациясына таң қаласың, сол кездегі өмірге бір сәт болса да қайтқың келіп тұрады.

Ұлттық тағамдарының көбінен ауыз тимесек те, ұлттық тағамы кимчи мен кимбапты жеп көріппін. Өте дәмді. :) Айта берсең таусылмайды ғой, қысқасы осы. Түнделетіп жазып тастадым, ойланып, әдемілеп жазуға уақыт тығыз, ұйқы да қысып барады. Қате- кемшіліктері болса, кешіріңіздер. Немесе кәрісше 죄송합니다(кешіріңіздер). :)



1301
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 20 октября 2011, в 09:11:31
    Керемет, Ерке қыз! Өте қызықты))) Астанадағы шараға қатыссаңыз, міндетті түрде, Алматыда өтетін бүгінгі шараға міндетті түрде баруыңыз керек)))
    ответить
  • ON.KZ командасы ON.KZ командасы 20 октября 2011, в 09:46:34
    Асықсаңыз да, Ерке қыз, ойыңызды әсерлі қылып жеткіздіңіз. Корей жүлдыздарының концертіне шақыру билеттерін ұтып алуыңыз әбден мүмкін)))
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться