Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Рухты ұлттың рухани сыйы

Рухты ұлттың рухани сыйы

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 21 октября 2011
Мейіргүл Оңғарова
 

Корейліктерді ұлт ретінде қатты құрметтеймін. Басымды жерге жеткенше июге әзірмін.

Осы бір шағын ғана мемлекет бүкіл әлемді рухани жаулап келеді.

Кеше Кореяның Қазақстандағы жылының жабылуына орай салтанатты кеш өтетіні жайында жазып өткен болатынбыз. Сайтымыз сол концертке бару үшін блогшыларымыздың арасында конкурс та жариялаған еді.

Хош, сол дүбірлі кештен алған әсеріммен бөлісейін ^_^

Бағдарлама бойынша лауазымды тұлғалар сөз сөйлеп болған соң, Корей елінің өнерпаздары сахнаны лаулатып жіберді.

Ұлт тарихын әманда жоғары қоятын олар дәстүрін насихаттайтын билері мен ұлттық аспаптарынан төгілген әуендері арқылы Корей елінің тарихын көз алдымызға тосқандай болды. Көкейіне құмыр құс ұя салған әншілер биік өнердің озық үлгісін паш етті.

Соңынан сүйікті телехикаялар арқылы миллиондаған көрерменнің көзайымына айналған әнші-әртістер залды бір серпілтіп жіберді.

Бір өкініштісі, біз сұхбат алған қай-қай әртіс те Қазақстан деген елден мүлдем мақұрым екендіктерін жеткізді. Оһ!.." Тек елшілік бізге осында барасыңдар деген соң, бізде таңдау болмады" деді дизайнер Пак Ун ГЮ.

Қуанарлығы, олар осындай жылы қошеметті көрген соң, "Қазақстанға тағы да келуге тырысамыз!«деген лебіздерін жарыса жеткізіп жатты.

Қошемет демекші, осы жерде табынушылар туралы бірер сөз. Олар (фанаттар) таза Корей стилімен киінген, қолдарына плакат пен қолтаңба алу үшін қойын кітапша не жалпы сондай дүниелер ұстаған, мойындарына фотоаппарат ілген өрімдей жас қыздар. Иә, иә, басым көпшілігі қыздар және олар мейлінше жас көрінді. (Оқушылар ма екен?..) Мен енді анандай фанаттарды көрген емеспін. Нағыз фанат деп соларды айт...

П.С: Корей мен Қазақстан достық туы желбірей берсін!



592
  • Ақтөбелік Нұржан Ақтөбелік Нұржан 21 октября 2011, в 12:46:17
    июге — қызық болып көрінеді екен ))) фотодағы жігіттің шашын ай… қайшымен бармадың ба концертке?!?!
    ответить
  • а а а а 21 октября 2011, в 14:36:01
    Бірігіп түскен фотосурет қатты ұнап тұр. Екі елдің достығының нағыз айғағы тұрыстарыңыздан байқалады: Сіз оны қолтықтап, Ол сізге қарай басын бұрып тұр! Жарайсыз, браво!!!
    ответить
  • Ади Гинеса Ади Гинеса 21 октября 2011, в 14:52:05
    бар жаксы. адемы… бырак мына баланын шашынын бояуы унамады
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться