Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   EXO Next Door (1-11 серия). Қазақша субтитрмен!

EXO Next Door (1-11 серия). Қазақша субтитрмен!

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 15 мая 2015
Мейіргүл Оңғарова
 

Құрметті корей сериалдарын ұнатып көретін көрермен!

Менің көршілерім – EXO / Мои соседи – EXO/ EXO Next Door мини-сериалының 1-11 серияларын қазақша субтитрмен онлайн көре аласыз! Ол үшін мына сілтемеге өтіңіз!

Кенеттен сізге көрші болып өзіңіз жақсы көретін жұлдыз көшіп келсе ше? Әрине, бұл – орындалмас арман… Ал мына бір мини-сериалда бәрі басқаша… «Менің көршілерім – EXO» фильмінің сюжеті бойынша әйгілі EXO тобы жаңа үйге уақытша көшіп келеді. 

Басты рөлдегі EXO тобының қатысушылары фильмде өз-өздерін сомдайды. Ал SM Entertainment агенттігінде жұмыс істейтін он сегіз жастағы актриса Мун Га Ён / Moon Ga Young көршінің қызы болып ойнайды. Мини-сериал бүгінгі таңда түсірілу үстінде. Фильм түсірушілері басында 3 эпизодпен шектелмек болған екен. 

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. «Менің көршілерім – EXO» мини-сериалы жігіттерді жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Бұл – әйгілі топтың жанкүйерлері үшін таптырмас сый болып отыр. LVOE фансаб-тобы фильмді қазақша субтитрмен ұсынады!



259
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться