Сообщества  >   "Корей толқыны" Қазақстанда  >   Байқау! EXO тобының әнін бірге аударайық! Жеңімпазға сыйлық бар!

Байқау! EXO тобының әнін бірге аударайық! Жеңімпазға сыйлық бар!

rss "Корей толқыны" Қазақстанда 17 июня 2015
Мейіргүл Оңғарова
 

Құрметті де сүйікті қолданушылар! Шетел әндері мен бейнебаянын ана тілімізге аудару – өте қызықты да пайдалы іс. Өйткені кез келген әнді қазақшаға аудару арқылы ана тіліміздің дамуына өзіндік үлес қоса аламыз. Ендеше, қазақ тілінің өркен жаюын қалайтындар мен аударма өнеріне қызығатындар үшін қызықты әрі оңай байқау ұйымдастырып отырмыз. Жүрегіміздің бір түкпірінде жатқан өлең жазу қабілетін түртіп оятатын кез жетті. Егер сіз тіл жанашыры болсаңыз, аударма жасағанды ұнатсаңыз, бұл байқау – сіз үшін! Кез келген елде сіз бен біз сияқты қолданушылар шетел әндерін өз тіліне аударып, қандастарының ән мәтінін түсініп тыңдауына жағдай жасайды. Алпауыт ағылшын халқының аудармашылары кез келген тілдегі сапалы әндердің ағылшынша субтитрын жарыса жасап, бір әннің бірнеше аудармасын ұсынады. Ендеше, біздің арамызда да керемет аудармашылар бар екеніне бек сенімдіміз! 

БАЙҚАУДЫҢ ТОЛЫҚ ШАРТЫ МЫНА СІЛТЕМЕДЕ



1072
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться