Қиын не бар?..

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 14 июня 2011
Anarka Must
 

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,

Қиын не бар, адам жанын зерттеуден?

Мен келемін өз жанымды зерттеумен,

Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.

 

Арзан не бар ойнау менен күлуден,

Қымбат не бар, адам сырын білуден?

Мен әуремін, өз сырымды білумен,

Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен,

Жылдарымды еске аламын бүлінген.

 

Адамдардың жаны менен жүрегін,

Ойлайтын ем, бір кісідей білемін...

Ажырата алмай шуақ, түнегін,

Танығанға мәз болыппын іреңін.

 

Ертең басқа, бүгін жақсы көргенім,

Өз көзіме өзім,

Ғажап!

Сенбедім.

Кесерткідей ауыстырған ендерін,

Түсінбеймін қылығына пенденің.

 

Жылдар бойы бірге жүріп, бір күлген,

Жақыныңның жат боларын кім білген.

Адамдарды зерттей алмай жүрмін мен,

Оны зерттеу мүмкін емес, білдім мен...

Авторы: Мұқағали Мақатаев



1088
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 14 июня 2011, в 17:05:38
    Керемет! Неткен әсерлі сөздер)))
    ответить
    • Жанылсин Давлетова Жанылсин Давлетова 11 июля 2011, в 19:41:11
      Ия, ақиық ақынымыз Мұқағали ағамызды көзі тірісінде қадіріне жетпеді ғой… Мұқағали түсінбеген өңдерін ауыстырған пенделер қазір де арамызда жүр ғой.
      ответить
      • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 12 июля 2011, в 09:53:27
        Бар ғой, жүр ғой жер басып, тірісінде қадірін білмей
        ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться