Ей, самолет!

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 15 июня 2011
Anarka Must
 

«Ей, самолет, самолет,
Алматыға ала кет!» – деп жүгіріп жүргенде
Осы біздер бала ма ек?
Уақыт сырғып, бір жыл, бір ай, бір күннен
Кездер қалды бізбен бірге күн күлген.
Самолеттен «ала кет», деп сұраған
Алматыда жүрмін мен.

«Ей, самолет, самолет,
Біздің үйге қона кет.
Жете алмай, сағынған ауылыма ала кет.
Ауылыма апар да, Алматыға қайтып кет!
Балалығым сапарда, қай жерде екен, айтып кет…»

Авторы: Назира Бердалы



498
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 15 июня 2011, в 14:35:29
    Қызық өлең екен))) «Аспандағы алып құс, Алматыма алып ұш» деген Мұқағалидің өлең жолдары есіме түсіп кетті)))))
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 15 июня 2011, в 14:41:45
      Не үшін есеюге, Алматыға асықтық, неге жетісеміз деп ойладық дегені ғой…
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться