Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мазасыз минуттар

Мазасыз минуттар

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 17 июня 2011
Anarka Must
 

Алло… Алло…
Тыңдап тұрмын…
Иә, мен…
Менмін деймін…
Бұл кім екен?
Кім деймін?…
Сөйлесеңші, сонша неткен ұяң ең,
Не дерімді, не етерімді білмеймін…

Құлың болып кетсем, мейлі, кетейін,
Сорымбысың, бағымбысың? Кімсің, кім?!
Не тілейсің, айтшы, кәне, не етейін?
Сонша неге солқ-солқ етіп күрсіндің?

Тым құрыса тыныштық бер жаныма,
Ой, құдай-ай, ойының ба, шының ба?!
Жазалауың басталды ма тағы да,
Мазалауың аз болғандай бұрын да…

Құдай үшін… бір естіртші үніңді,
Ең бірінші және, бәлкім, ақырғы.
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой шыныңды,
Мейлі, тіпті, айтпай-ақ қой атыңды.

Сүйесің бе?
Сүйсең соны білдіріп,
Жаз да жібер поштаменен хатыңды.
Қоймашы тек, қойма мені жынды ғып,
Төле десең, берем қаламақыңды…

((Періште ме, пері ме, әлде, пенде ме?!
Бітпейтұғын болдың-ау сен бір уайым)).
…Телефонның трубкасын кеудеңе
Қоя тұршы…
Жүрегіңді тыңдайын!..

Авторы: Алмас Темірбай



603
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 17 июня 2011, в 13:20:35
    Мазасыз сәттер, шынымен де, осындай болады
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться