Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Алғашқы SMS хат авторы Бауыржан Қарағызұлы

Алғашқы SMS хат авторы Бауыржан Қарағызұлы

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 19 июня 2011
Наз қоңыр
 

Алғашқы SMS хат

 

Өткен іске өкініп, өлесің бе?!

Басқа салса, бәріне көнесің де.

Басқа бір жан, жат өзек бақытым ба,

Бақытсызбын, осыған сенесің бе?!

 

Түсін, жаным,

Мен бәрін түсінемін,

Түсінуге жаралған кісің едім.

Соңғы сөзім ұласып күрсініске

Соңғы рет қолыңа бір түсіп едім…

(сол кезді несіне еске түсіремін?!)

 

Көзден ақса мөп-мөлдір бұлақ-қайғым,

Сабырыма бас ұрып тұрақтаймын.

Сені ойлаймын, білмеймін, неге ойлаймын,

Сенен басқа ешкімді ұнатпаймын!

 

Сенсіз өткен тілдеймін түндерімді,

Сенсіз өткен күндеймін күндерімді.

Сезім суып, ой ұлып, көңіл өксіп,

Өзімді емес, сүйретіп сүлдерімді,

Кеше тағы базарды араладым,

Қара базар ─ ұясы бал араның.

Қарсы алдымнан қырсығып қарсы шықтың,

Қасарысып әдейі қарамадым.

Қа-ра-ма-дым!!!

 

Содан кейін түтіп жеп қалың күдік,

Бағым жылап тағы да, сорым күліп,

Арымдағы мұңайтып Періштемді,

Қанымдағы Ібіліс қағындырып.

«Сүймеймін» ─ деп,

«Сүй-мей-мін» ─ деп, бір кезде көкіп едім,

Толып кетті құсаға көкірегім.

…Телефоннан бұл хатты өшірсең де,

Жүрегіңнен өшірме, өтінемін…                                                                                                        



729
  • Anarka Must Anarka Must 20 июня 2011, в 10:18:59
    Бауыржанның смс хаттары махаббаттан зарыққан адамдарға жақсы ем.
    ответить
    • Наз қоңыр Наз қоңыр 20 июня 2011, в 13:52:14
      Әдетте ақын жігіттердің өлеңін ұнатсам да, ұғына бермейтінмін. СМС-тер мен Жұмбақтас туралы өлеңдер сериясын жазған ер адам сияқты боп кетеді кейде маған…
      ответить
      • Наз қоңыр Наз қоңыр 20 июня 2011, в 18:34:39
        ер адам емес дегенім гой
        ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться