Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Үшінші SMS хат авторы Бауыржан Қарағызұлы

Үшінші SMS хат авторы Бауыржан Қарағызұлы

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 19 июня 2011
Наз қоңыр
 

 

 

Үшінші SMS хат

 

Жалықтым бәрінен жерідім,

Сендей боп түсінсін мені кім.

Әзірге жаныма жұбаныш

ұялы телефон­ ­– серігім.

 

…Альбомды ақтардым түнімен,

Өзімді тағы да алдадым.

Жас сіңген жастықты құшақтап,

Ұйықтай алмадым.

 

Шырмауық ойыма шырмалып,

Не таптым түнеріп түн бағып.

Сұп-суық таң атып келеді,

Сұп-суық төсектей сұрланып.

 

Сұп-суық тағдырға мөлдіреп,

Жанымнан ып-ыстық жас тамған.

Сен деген сенделген ғұмырды

Ми емес, жүрегім басқарған.

 

Өтінем, хат жазшы аспанға,

Хаттарың аспанмен келеді.

Сағыныш тілімен оқиын,

Жоқ менде басқа арман… Себебі…



345
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться