Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Он үшінші SMS хат

Он үшінші SMS хат

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 19 июня 2011
Наз қоңыр
 

Он үшінші SMS хат

 

Түнімен ауырып жүрегім,

Құдайдан біз жайлы тіледім.

Бүгін мен…

Бүгін мен бәрінен кеш қалып әдейі,

Сен жүрген көшемен жүремін…

 

Жақындап бара алмай қасыңа,

Тұншықтым, тұншықтым тағы да жасыма.

Құдай-ау, ойымнан кетпейсің,

Махаббат дегенің осы ма?!

 

Мен саған…

Мен саған сөзіммен, көзіммен, өзіммен,

Ұнағым келеді, ұнағым…

Жылайтын сәттерде жымиып,

Күлетін кездерде жыладым…

 

Мен де бір көктемнің жаңбырлы әнімін,

Тағдыры жауратқан жаны – мұң…

Бәрі де… Барлығы өткінші, білемін…

Сен ғана өткінші емессің жарығым…

Сен ғана…



311
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться