Соңғы SMS хат

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 19 июня 2011
Наз қоңыр
 

Соңғы SMS хат

 

Өткенді несіне қозғаймын,

Мен енді күнделік жазбаймын.

Үніңді сағынып, үнемі

телефон шалмаймын.

Сен жүрген көшемен жүрмеймін,

сен барған тойға да бармаймын.

Нәресте-сезімім жыласа,

өбектеп алдаймын.

 

Жүрегім жыласа қайтемін,

Жаным-ау, соңғы рет айт, емін.

Күдіктен сейілсін көкейім,

Тәңірім қоспаса не етейін?!

Қайтарып тасташы бетімді,

Өмірден өкінбей өтейін.

 

Ақ көңіл асылым, арманым,

Кім екен ғашығың, жан-жарың?!

Қабағым қай жаққа тартып тұр?

Көтеріп мұңымның салмағын.

 

Осылай үмітті ырыммен,

Көңілім көлдей боп шалқыған.

Кешірші, ең соңғы хатым бұл,

демінен сағыныш аңқыған…



717
  • Batyr Nurmakhan Batyr Nurmakhan 22 июня 2011, в 08:18:07
    Жеңіл, бірақ бірдеңесі бар ғой деймін, шамасы!?
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться