Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   ГИПЕРБОРЕЯЛЫҚТАРДЫҢ САҒЫНЫШЫ Бауыржан Қарағызұлы

ГИПЕРБОРЕЯЛЫҚТАРДЫҢ САҒЫНЫШЫ Бауыржан Қарағызұлы

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 19 июня 2011
Наз қоңыр
 

Күн батыстан шыққанша…
……………………………………….
Күн шығыстың Назары Өлім сазын ойнайды.
Өлім сазы – топырақ гүл биінде жайнайды.

Шөп батасын оқыған көктем сайын талығып,
Мен, Біреуді сағынам көзімде жас зарығып.

Көктем, Көктем – Сағыныш, сағынышымның ынтығы,
Мұң кеулеген Жанымның жамалар ма жыртығы?!

Өмірімнің мазмұны – Оның сұлу жанары,
Мәңгіліктің қадамы – менің халал амалым.
Жұлдыздардай жылаймын, естігенде Есімін,
Бұлдыр-бұлдыр сөзімді жұбатады Кешірім.
Тағдырымен ойнаған, Мен – адасқақ Сөз едім,
Әр Сәуленің демінен мейірімін сеземін.
Жел күбірін тыңдадым, әр Дыбыста үні бар,
Әр Дыбысқа шын сенсем, күллі өкініш жылынар.
Көктем, Көктем, иманды, аппақ дұғам сен едің,
Сағындым ғой, сағындым, қашан жүзін көремін?!
Аспан намаз оқыған Жер бетінен іздедім,
Ой мұжыған мүміннің келбетінен іздедім.
Жүрегімнен іздедім, ізін көрдім үміттің,
Ізін көрдім үміттің, өзімді-өзім ұмыттым.
Бұл ұмытшақ сананың бурыл-бурыл жолдары,
Мені тағы жоғалтты, Мені тағы алдады.
Көктем, Көктем – Сағыныш, сағынышымның мұңдағы,
Ой байлаған Жанымның шешіле ме жұмбағы?!
Таң тәспиғын тартады, ақшам сипап сақалын,
Ал, мен Оны күтемін – Өмір сөйлеп жатамын.
Солай, әнім – Көктемім, Өлім сазы – тым мұңлы,
Қарашы, әне-е-е-е, Шығыстан кешегідей Күн күлді…
……………………………………………………………………
Күн батыстан шыққанша…



466
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться