Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Сен бақытты боласың…

Сен бақытты боласың…

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 20 июня 2011
Anarka Must
 

Жанымда нұр, көңілің алабұртып,
Сен де білем шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем -
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін -
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!
Қайтсем сені бақытты етеді екем?!
Сен нәзік ең, аққудай, шағаладай,
Адастың тек қона алмай жағаға жай.
Өңкей жамананталап жан-жағыңнан
Аяламай қор қалды-ау, бағаламай.
Сен бір ғажап, сұлусың сұрақ мүсін,
Сұлулығы жаныңның қуат күшің.
Сен бақытты боласың
қара да тұр.
Себебі сен арлысың, саналысың,
адалдардың ішінде адалысың.
және де тұрақтасың.
Сен бақытты боласың,
сәл күте тұр…

Авторы: Гүлнар Рүстемова



457
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться