Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Қайсар Қауымбек. Аспаннан келе жатыр көктем көшіп (цикл)

Қайсар Қауымбек. Аспаннан келе жатыр көктем көшіп (цикл)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 22 июня 2011
Мейіргүл Оңғарова
 

Қайсар Қауымбек 1987 жылы 29 сәуірде ҚХР,Іле облысында дүниеге келген. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің студенті. Республикаға танылып келе жатқан жас ақындардың бірі.

Аспаннан келе жатыр көктем көшіп (цикл)

Ақпанның соңы — ақ қардың соры,
Бақтардың бәрін жылатқан.
Сусиды көрпе жапқан күлтелі,
Сыңсиды сылқым бұлақтар.


Наурыздың басы — жалғыздың жасы,
Қар қыздың қош бол дегені.
Ағыл да тегіл тау -құздың басы,
А-ха-хай көктем келеді!


Керіліп шықты керім бел алдан,
Тебіндеп өскін -құлын жал.
Менің де қарғам көңілде жанған,
Сезімге малған жырым бар.


Жымия келді, қиыла келді,
Құйыла келді тұмаға.
Бізге де бір бақ бұйырады енді,
Булығып, сәулем, жылама.


Сол ескі жырдың жалғасы қалған,
Қысырдай қылпып түлеп ем.
Биылғы жылдың төл басы болған-
Бұлқынып туған бұл өлең.
                     

                                       Қайсар Қауымбек.



667
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться