Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   "Жетінші түйсік" авторы Мұхтар Шаханов

"Жетінші түйсік" авторы Мұхтар Шаханов

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 23 июня 2011
Наз қоңыр
 

Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз,

Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз.

Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан,

Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.

Ойың мен ісің жаңғырық, кейде оған түйсік жетпейді,

Әйел ап, бала тудыру ақылды қажет етпейді.

Күнделік құмар сезімді өрілгені үшін отпенен,

Шатастырып алдық, құдай-ау, біртуар махаббатпенен.

Алдану, сірә, түк емес, бұлтақсыз, бұлтсыз шақта да,

Үйлену деген, қарағым, алғашқы баспалдақ қана.

Ата-анаң, үрім-бұтағың, бәрі де сені тұр қолдап,

Бастысы-сұлу жұбайың өзіңе ертең кім болмақ?

Махаббат-қайсар заңғар шың, кез келген өрлей алмаған,

Он мыңнан бәлкім, екі адам үмітін зорға жалғаған.

Содан ғой, сансыз кеудені жалғыздық дерті торлаған,

Қаншама заңғар тұлғалар қанатсыз жардан сорлаған.

Тұрмыстың түрлі сынынан сүрінбей өтті десе де,

Жұбайың досың бола ма? Міне, бұл- басты мәселе.

Не бермек тәннің одағы? Жаныңа жаны қосылмау-

Бұл-нағыз бедеу қасірет, қосылмау деген-ашылмау!

Гүл болып ашылмағанның тілегін кім бар жақтаған?

Рухы қосылмағанның сезімі шаттық таппаған.

Рухы қосылмағандар-жалынсыз, сәнсіз, жақұтсыз,

Сондықтан мына жалғанда екеудің бірі- бақытсыз.

Сондықтан махаббаттың да сырт санын құрайтындар көп,

Жәй көзге күліп жүргенмен, жасырын жылайтындар көп.

Тағдырдан қашу мүмкін бе, жүрсең де қандай жолменен,

Бір мәнді сұрақ алдыңда тұрады ылғи көлденең:

«Жұбайың досың болды ма самғатқан сенім шырайын,

Нақ сондай ұлы бақытты берді ме саған құдайым?

Ойнай ма оның көзінде сезім мен рух жарқылы,

Ұға ма ол шаттық-мұңыңды жетінші түйсік арқылы?

Ұқпаса… ісің секілді дауылда мұзға жаққан от,

Рухани терең түйсіну жоқ кезде махаббат та жоқ.



3361
  • * Meirzhan * Meirzhan 25 июня 2011, в 02:22:42
    Мұхтар Шахановтың өлеңдерінде логика басым деп ойлаймын. Әйтеуір басқалардан ерекше. Мен үшін ең түсінікті өлеңдері. Әйтпесе поэзияны түсінбеймін кейбірлер сияқты.
    ответить
    • Наз қоңыр Наз қоңыр 25 июня 2011, в 02:29:02
      Түсінбеуіңіз мүмкін емес! Тек кейбіреулердің шалажансар «тақпақтарын» анда-мында тықпыштап, миыңды су қылатын болмаса… Бұл не?-десең, «поэзия» дейді сосын міз бақпастан…
      ответить
      • * Meirzhan * Meirzhan 25 июня 2011, в 02:40:07
        а-а мен болсам, жас ақындардың өлеңдерін сынауға аяймын. көңілжықпастық қой баяғы.
        иә, әр ақын Мұхтар Шаханов емес қой.
        «Байқаймысың, байқаймысыың мына ғажап тамашаны...»
        ответить
        • Наз қоңыр Наз қоңыр 25 июня 2011, в 02:46:49
          Мен де… Өйткені, «Бір адамға байланысты бір адамның болашағы...» Мен оны көңілжықпастық деп ойламаймын. Ішкі мәдениет немесе «болсын» деген оң пиғыл шығар?
          ответить
          • * Meirzhan * Meirzhan 25 июня 2011, в 02:58:03
            Иә, ішкі мәдениет десек, әлдеқайда жақсы естіледі екен.))
            «болсын деген оң пиғыл» мына сөздермен де алмастыруға болады екен.
            «Байыппенен көз жiберсең асау жылдар өpiciнe, Бip адамға байланысты бip адамның жеңiсi де...»
            Барлығымыз бір-бірімізге демеу болып, жеңіске жетелейік.
            ответить
            • Наз қоңыр Наз қоңыр 25 июня 2011, в 02:59:31
              Сөйткеніміз дұрыс!
              ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться