Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Қар үстінде гүл жатыр

Қар үстінде гүл жатыр

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 23 июня 2011
Мөлдір Махаббат*
 

 Арамызда асу-асу бел жатыр,

Айдын шалқар көл жатыр.

Бұлдыр-бұлдыр шөл жатыр,

Заман жатыр, ел жатыр,

Атырау – Алтай жер жатыр.

Сөгілмеген сең жатыр,

Аршылмаған кен жатыр,

Бетбақдала ен жатыр,

Сарыарқадай тең жатыр.

 

Арамызда...

… Жұлдыз жатыр, күн жатыр,

Мақпал мойыл түн жатыр.

Басын шайқап Алатаудай шың жатыр,

«Әттең-ай!» — деп әлденеге өкінген

Бейкүнә бір мұң жатыр.

Бір булыққан үн жатыр,

Түрен тимей тың жатыр,

Тісін қайрап сын да тұр...

Менің құйттай кеудемдегі сырымды

Тыңда, далам, тыңда, қыр!

Қайратымды шыңда бір.

 

Арамызда

...ғұмыр жатыр, жыл жатыр,

Қызғалдақты қыр жатыр,

Жазылмаған жыр жатыр,

Сары күздей сыр жатыр,

Сынып түскен жасыннан

Жылуы бар нұр жатыр,

Қар үстінде гүл жатыр...

Б Бекетова



498
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться