Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   ЕЛЕС БОП ҚАЛҒАН МАХАББАТ...

ЕЛЕС БОП ҚАЛҒАН МАХАББАТ...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 28 июня 2011
Еркебулан Утегенов
 

 

… Өзiңдi ойлап қаншама атты таңдарым,

Оятар ендi,, сәлем" деп, жаным таңда кiм?!

Тәңiрiм неге,

Нелiктен менi  жылатып,

Тек менiң ғана ,, жанымды" неге таңдадың?

Жанымды менiң

Ұғынып сендей сырымды,

Түсiнсе дедiм

Өзгелер менiң жырымды.

Жалғызбын жаным,

Жалғыздың жарын жер жұтты,

Кешегi жұпар

Қуратты бүгiн гүлiмдi...

................................................................

 

 

ОСЫЛАЙ БОЛДЫ ТIЛЕГIМ...

Осылай болды тiлегiм,

Қиналып менiң жүрегiм.

Армандап қиял бақытты,

Ертегi қуып жүр едiм...

Ойнап бiр қалай күлемiн,

Дертiңе таппай бiр емiн.

… Пейiштен орның болсын деп,

Құдайдан тiлек тiледiм.

Жаратқан   Алла құлы едiм,

Жазылған тағдыр, бiлемiн,

САFЫНДЫМ! — қайтем, көнемiн,

Жазғаннан озар кiм едiм?

Болып ең айым, әрi күн,

Қайтейiн қазiр бәрi мұң.

Перiште жаның — пейiште,

Жұмақта болсын жарығым.

.............................................................

 

 

Жұбатарсың, арине шыда өтер мұң,

Дегенмен жалғыз, фәниде мына бөтенмiн.

Өзiңе жетер арумен қашан кездесiп,

Кешегi арман, тұрмысты құрады екенмiн?!

Арманым кеңiменен орындалмас,

(Мақсатым — менiменен қолын да алмас)

Сезгенмiн сүйiктiмнен айырғалы,

Құдайым, сол кезден-ақ оныңды алғаш.



626
  • Anarka Must Anarka Must 28 июня 2011, в 10:11:07
    Жақсы өлеңдер Еркебұлан. Шынайы, жүректен шыққан.
    ответить
  • Адия Маратова Адия Маратова 18 августа 2011, в 12:26:58
    Ия, автордың жаны жаралы екен! Жақын жанынан көз жазып, сағынышын өлең жолдарына сыйдырыпты!
    ответить
    • Еркебулан Утегенов Еркебулан Утегенов 21 августа 2011, в 18:05:14
      Ия… Үш жылдан асып барады казір «Жанымнан» айрылғалы…
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться