Айлы түн

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 29 июня 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Айлы түн,

Самал соқты сай-саладан.

Сол бір үн құлағымда қайталанған.

Тасытып, тау өзенін

Тасқындатып, сиқырлы саз әуенін қайта оранам!..

Мақпал түн. Әсем әуен?

Ырғақ қандай!

Барады әлденеге құрғап таңдай,

Сарылып кімді сонша сағынады,

Сөзбенен жеткізе алмас

Сыр жатқандай...

Тыңдайды мұңлы сазды орман мүлгіп,

Өтеді сапырылып,

Ойлар жылжып...

Дүние-ай,

Тіл жетпесті

Ән жеткізген,

Тау-дағы тыңдап қалған қандай жым-жырт.

Берілген шексіз қиял тереңіне,

Жетпеген бір бейбақ па

Дегеніне?..

Күрсініп,

Мұңлы әуен үзіледі,

Махаббат қой,

Табынтқан тек өзіне!..

 

М.Айтхожина 



410
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 30 июня 2011, в 15:57:30
    Неткен керемет сөздер! Сезімге, ынтызарлыққа толы
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться