Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Қаздармен бірге қайтарсың..

Қаздармен бірге қайтарсың..

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 29 июня 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Мүлгіп тұр жалғыз қайың да,

Бұлыңғыр қала, сай тұман..

Екеуміз ғана жайында

Тырналар өтті айтып ән.

 

Мен болып саған арнайды ән

Сары бел, сары атырап.

Сағыныш – мұңмен сарғайған

Сыр айтты ма екен жапырақ?

 

Орамал бұлғап қалғанмын,

Шаһарда шаңқан кешіп мұң.

Оралатыныңа алдандым

Сағынатыныңды есіттім.

 

Күз түскен түзде мұңайып,

Жабырқап жүрген шығарсың.

Сендік сезімім  шынайы –

Мойныма таққа тұмарсың.

 

Жырыммен ғана тілдесіп,

Ішіңнен үнсіз тынарсың.

Күйбең тірлікпен күй кешіп

 Байланып жүрген шығарсың.

 

Тың тыңдап жүрмін тыста мен,

Іңкәрлігіңді айтарсың.

Ұшып ең күзде құстармен,

Қаздармен бірге қайтарсың.

Б.Бекетова



448
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться