Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Сен мені ізде. Ерғали Бақаш

Сен мені ізде. Ерғали Бақаш

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 30 июня 2011
Мейіргүл Оңғарова
 

Сен мені ізде
                                                   

Сен мені ізде, таулардан асқарлардан,
Сен мені ізде, жан бармас шатқалдардан.

Сен мені ізде, Ай мен Күн арасынан,
Сен мені ізде, теңіздің жағасынан.

Сен мені ізде, жаңбырдан сіркіреген,
Сен мені ізде, бұлттардан күркіреген.

Сен мені ізде, орманнан құсқа толы,
Сен мені ізде, көздерден жасқа толы.

Сен мені ізде, кештерден батып кеткен,
Сен мені ізде, таңдардан атып кеткен.

Сен мені ізде, адамдар арасынан,
Сен мені ізде, ғашықтар моласынан.

Сен мені ізде, жұлдыздар жанарынан,
Сен мені ізде, домбыра шанағынан.


    Ерғали Бақаш











 



571
  • Айжан Табын Айжан Табын 30 июня 2011, в 19:35:01
    ұнады… тек толық емес сияқты боп көрінді маған…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться