Жақсы көру

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 30 июня 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Жақсы көру!

Не деген керемет ең!

Қарағаны біреудің жебеге тең.

Бейқам бара жатқан боп, ал ішімнен

Кімдер қалай қарайды елеп өтем

Өмір сүру үшін де біреулердің

сені жақсы көруі керек екен.

 

Сонда жанда от ойнап,

жанар жібіп,

иесіз қалған кеудеме қамалды үміт.

Қадалғаны шаршы топ-саған күдік,

тілеулес те сезімін қарар бүгіп.

Сонда дағы көңілін анау жерден

айтқызбай-ақ-

не сиқыр!-

Қалам біліп!

 

Көп айтса да, сөз емес жаттанды бұл,

жақсы көру дегенің-жатқан ғұмыр.

Сөніп бара жатқанға жан беретін

бұл сезімге қиындау шақтарда үңіл.

Сені ақысыз аялар жандар үшін

тірлігіңнің барлығын таста жүгір!

 

Ажал соғып,

құласа жан-шаңырақ,

елің жоқтап,

сыңсиды арша жылап,

күрсінумен күн өтіп,

тіршілігін

қайта жалғастырады тамсанып ап.

Өмірліге-өлім хақ,

тек артыңда

жақсы көрген адамдар қалса-мұрат!

 

Ф.Оңғарсынова



1879
  • Anarka Must Anarka Must 01 июля 2011, в 12:17:04
    Осы өлеңнің әні де бар ғой деймін?
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться