Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   қазақ тілін қадірлейік,ағайын!

қазақ тілін қадірлейік,ағайын!

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 30 июня 2011
Самғат Шоңбасов
 

Әрқашанда өз тіліңді құрметтей біл қадірле

Бай тіліңді ұмытпағын басқа тілге үңілме

Дербес елдің белгісі деп қадірлейміз біз тілді

Өз тіліңнен өлсең дағы ешқашанда түңілме

 

Бағаламай көркем тілді кейбір адам жек көрген

Орыс тілде,өзге тілде жаңылмастан сөйлеген 

Қазақ тілі бабамыздың асыл, дара мұрасы

Маржан сөзді, ана тілді бағаласаң шынымен

 

Туған тілім-бабалардың базарлығы, айғағы

Жарға соққан жас толқындай асыл сөздің қайнары

Елім аман, жұртым аман, тілім бүтін болса егер,

Жүрек тыныш, ал көңілім көтеріңкі жайдарлы

 

Ана тілің қастерлейтін намысың ғой, арың бұл

Қазақ тілін өз тілім деп,өзге тілдің бәрін біл

Жетілдіріп өз тіліңді бағалай біл ұмытпа

Ұғып алғын керемет тіл әрине бұл-қазақ тіл

 

Абай, Мұхтар  сөйлеген ана тілім

Даралаған Жәнібек дана тілім

Бір өзі бар қазақтың бейнесіндей

Жасай бер, жандана бер қазақ тілім



694
  • Талғат Әбдібаев Талғат Әбдібаев 01 июля 2011, в 17:30:49
    Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!!!
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться