Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Көздеріңе ғашықпын...

Көздеріңе ғашықпын...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 2 июля 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Жұмып кейде жанарымды нұр сіңген,
Сырласқанда арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін, сен шығар деп күрсінген.

Ғашық жанның басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек.
Жаңбыр жауса, тырсылынан оянам,
Іздеп келіп, есік қаққан сен бе деп?!

Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман,
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.

Өмір деген өте шығар өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші.
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші.

Ұ.Есдәулетов



6171
  • Anarka Must Anarka Must 02 июля 2011, в 21:19:30
    Әдемі өлең…
    ответить
    • Нұрлан Досмағұлов Нұрлан Досмағұлов 05 июля 2011, в 08:38:25
      Маған әнімен айтқаны ұнайды осы өлеңді.
      ответить
      • Anarka Must Anarka Must 05 июля 2011, в 09:28:57
        Ия, әсіресе Мақпал Жүнісова домбырамен айтқанда тіптен күшті.
        ответить
  • Наз қоңыр Наз қоңыр 10 июля 2011, в 02:11:50
    Бұл өлеңнің әнін Лена Әбдіхалықова 20 жасында жазған екен. «Мен ес-түссіз ғашық болғам» дейді сазгер «Бірақ, оным әйелі бар оңбаған болып шықты. Есесіне әдемі ән қалды» Шынымен де, әдемі әні…
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться