Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мезгілдер кеткен таңбалап...

Мезгілдер кеткен таңбалап...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 2 июля 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Мезгілдер кеткен таңбалап,
Мың жылдық шөлдей басылмас.
Ақ жаңбырлардан қорғалап,
Қашқан күн қазір ашылмас!

Асықтым сан мың күн жүріп,
Басымды буған мұңлы ойлар.
Қараша желі сындырып
Сыңсыған қара қурайлар...

 … Сыңсыған қара қурайдан
Сыбызғы жондым саған деп.
Басымды буған мұңлы ойдан,
Құтқарып бірге алам деп!

… Сыңсыған қара қурайдан,
Сыбызғы жондым саған деп.
Басымды буған мұңлы ойдан,
Құтқарып мүлде алам деп.

Сен жайлы хабар білем деп,
Үңілдім иесіз хаттарға.
Вокзалдарға түгендеп,
Көп жүрдім аэропорттарда.

Селкілдеп тоңып ақ қарда,
Сені іздеп жүрген шығармын.
Кеудеме тиген оқтарға,
Ем іздеп жүрген шығармын.

 Жылайды үнсіз бұл әлем,
Табанға ақты мөлдір шық.
Сауысқандардан сұрап ем,
Көргем жоқ деді көлгірсіп.

Сұрайтын жандар жоқ тіптен,
Тырналар көкте самғай ма?
Ардағымдай боп көп күткен,
Тұр жалғыз қайық шалғайда...

 Іңірден түнге ұласқан,
Сырнай даусына елітем.
Менсіз де боздап тұр аспан,
Тәйірі-ай, одан не күтем?!

… Сыңсыған қара қурайдан,
Сыбызғы жондым саған деп.
Басымды буған мұңлы ойдан,
Құтқарып бірге алам деп!

Өзгермес қалпы бұл өмір –
Бұл өмір солай әлде де,
Жанарыңды әркез тіге жүр,
Мен жақтан түскен сәулеге...

Ұ.Дәлейұлы



464
  • Мөлдір Махаббат* Мөлдір Махаббат* 02 июля 2011, в 15:20:27
    өтініш: мынау олендердін арасын жинастырып жазатын әдіс болса айтып жіберіңдерші
    ответить
    • Anarka Must Anarka Must 04 июля 2011, в 10:52:05
      Мөлдір, Word-та жазғанда Абзац дегенді басып Отступтарын 0, ал Междустрочныйды Ординарный етсең болды.
      ответить
      • Мөлдір Махаббат* Мөлдір Махаббат* 04 июля 2011, в 11:15:30
        ия бұларды жасап, жазсам да мында әкелгенде арасы алшақтап кетіп тұр
        ответить
  • Anarka Must Anarka Must 04 июля 2011, в 11:26:23
    Онда астыңғы абзацты тартып, қайта астына түсіргенде Shift+Enter-мен түсіріп көр.
    ответить
    • Мөлдір Махаббат* Мөлдір Махаббат* 04 июля 2011, в 11:39:21
      Рахмет Анара!
      мынау енді қалыпқа келді )))
      ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться