Қоштасу

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 3 июля 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Сен мені аңсамадың, іздемедің,

Қарсы алдыңнан шықты ма іздегенің?

Көктем болып жұтылып кеттің жазға,

Ал, жүрегім айналды күзге менің...

 

Телефон да шалмайсың, хабарың жоқ,

Шоққа айналып барады жанарымда от.

Қалтарыс пен бұлтарыс толған өмір,

Ұмытамын мен сені… Амалым жоқ.

 

Хат жазамын, сол ғана айла, күшім...

Жауабың жоқ...Әлсіз бе байланысың?

Сені сүйген шығармын кім біледі,

Өлеңдегі мұң менен ойлар үшін...

 

Таусылмастан төгілсе жарық қанша,

Мен өзіңді күтемін жалыққанша...

Келмейтінің белгілі… Олай болса,

Келесі бір өмірде жолыққанша!

Ақберен



1627
  • Мейіргүл Оңғарова Мейіргүл Оңғарова 04 июля 2011, в 09:59:56
    Ақберен Елгезектің бір өлеңінен жіберейін. Ақын бүйдейді:
    Өтіп кетер өкінішті өмір бұл,
    Бір Құдайдың өзгермейтін заңы бір!
    Мені тағы ақын етсе Тәңірім,
    Бұл жалғанға келер едім тағы бір!
    ответить
  • Anarka Must Anarka Must 04 июля 2011, в 10:48:57
    Келмейтінің белгілі… Олай болса,

    Келесі бір өмірде жолыққанша!
    Керемет сөздер… Әнге сұралып тұрған сияқты.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться