Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!

Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 4 июля 2011
Еркебулан Утегенов
 

 

     

Таң шапағы, арайымен ақ таңдағы,

Оянам деп жастыққа жатсамдағы.

Күлiмдеген еркемдей сан жұлдыздар,

Маған маза бермедi аспандағы.

 

 

Жарайды, ұйқысыз таң атырайын,

Тарайды жұлдыздарың, батып айың.

Осы түн, осы жұлдыз, өткен шақтар,

Елесiн есiк қағып шақырайын.

 

 

Жаралған өмiрдегi бағым  үшiн,

Сары алған көңiлдегi сағынышым.

Таралған жан шуағы сендей жанды,

Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!

 

 

Күздеймiн жаным бiр ән, аласұрам,

Iздеймiн қалың тұман арасынан.

Yзбеймiн үмiтiмдi, жаным жара,

Сiз деймiн емдейтұғын жарасынан.

 

 

Қайтейiн қиналамын қапаланып,

Сәл кейiн арайлы таң атар анық.

Сан жұлдыздар жотасынан күмiс бұлақ,

Сағыныштың сылдыры жатар ағып...

 

........................................................................................................................



352
  • Anarka Must Anarka Must 04 июля 2011, в 18:35:51
    Жақсы өлең, ұнады.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться