Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   ҚАЛҚАМ ЕНДI САFЫНБА...

ҚАЛҚАМ ЕНДI САFЫНБА...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 4 июля 2011
Еркебулан Утегенов
 

Бақытты бол сүйгенiм,

Сенсiз жалғыз күйдемiн.

Мейрам қайда мен үшiн,

Өзiңдi ойлап, үйдемiн.

Ұзақ айға кетермiн,

Бiрақ қайта жетермiн.

Байқағаным өзiңнен,

Жаным саған бөтенмiн.

Алмастырып сен менi,

Басқа жанмен кетерсiң.

Көңiл құрғыр сенбедi,

Аңсағанмен не етерсiң...

Қинайтыны жанымды,

Емес бөтен болғаны.

Бiр сөзiжоқ нанымды,

Жiгiт едi ол-дағы.

Сол жiгiттi таңдадың,

Дей алмаймын бармағын.

Қызындай боп бұрынғы,

Сен де алданып қалмағын!

Жүрген қызы бұрынғы,

Желке шашы бұрымды...

Айта берер несi бар

Көтерiп жүр бiр ұлды.

Рас, бiлемiн жүрекке,

Әмiр деген жүрмейдi.

Тақыр жерге гүл екпе,

Гүл қадiрiн бiлмейдi.

СМС-тер жiбердiм,

Небiр түндер несiне.

Осы едi ғой күтерiм,

Дегенiңде есiмде.

Таң атқанда, түсте де,

Түстен кейiн үште де.

Еркелетпес өзiңдi

Көңiл бөлiп кiшкене.

Күн батарда кешқұрым,

Бәлкiм түнгi шақтарда.

Келсе дағы естiгiң,

Yмiтiңдi ақтар ма?!

… Yмiтiңдi ақтар ма,

Сенiң сүйген адамың.

Қол ұстасып бақтарға,

Апарар ма… ,,қарағым,,?!

Бауын тастап, бағын да,

Айналамын сағымға.

Кеш түсiнiп жанымды,

ҚАЛҚАМ ЕНДI САFЫНБА...



409
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться