Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай!

Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай!

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 5 июля 2011
Anarka Must
 

Ар бардай, арман бардай, тағдыр бардай,
Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай!
Телміріп терезеге қарай берем
Біреулер өлең жазып қалдырғандай…

Ән бардай, әлем бардай, аңқыр бардай,
Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай!
Көңіліммен көше бойлап шауып барам
Бейкүнә ат ойнаған балдырғандай…

Бал бардай, балалық пен балдыр бардай,
Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай!
Жатырмын шатырдағы шах сияқты
Шөлін бір шарап ішіп қандырғандай…

Ар бардай, арман бардай, тағдыр бардай,
Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қандай!
Бір демде қауырсындай жеңілейткен
Тылсымат тамшысында жан, нұр бардай,
Шіркін-ай, шілдедегі жаңбыр қаңдай!

Дәурен Берікқажыұлы



1436
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться