Жеке шумақтар

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 9 июля 2011
Биржан Тургынбек
 

Кейбіреулерге шен мен мал мақтан екен,

Жағымпазға соқпақ көп даңққа жетер,

Шені бар бір жаманға бас игенше,

Диуана боп жаһанды ақтап өтем,

                          ***          

Бәрін білсем, көрсем деген кезің сенің,

Кілтін тапсан тікен емес, өмір бұл

Өз еркіңді өзгелерге билетпе,

Өз жолыңды өзің таңдап, өзің жүр

                         ***                

Махаббат — қос жүректің салған әні,

Жалғыз жүрек ән салмйды, зарланады,

Өркөкірек сүйе тұрып сүйгеніне

Қосуға жүрек дауысын арланады

                       ***         

Тұрмасам да қос қолдап көкті тіреп,

Парызымды келеді кеткім өтеп,

Ақын болып өмірге келген жоқпын,

Тек ақын боп өмірден өткім де жоқ

                       ****

О, Жаратқан, не жазды адам саған,

Неге өмір теп-тегіс қаланбаған?

Неге жалғыз шындыққа апарар жол,

Ал қисықтық санаусыз тарам-тарам?

 



568
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 09 июля 2011, в 21:46:03
    Күшті! Авторы өзіңіз бе?!
    ответить
    • Биржан Тургынбек Биржан Тургынбек 10 июля 2011, в 15:39:03
      Алдамай ак кояйын бунын авторы Бердиев Мырзабек Тургынбекулы… менiн кокем… жакында кiтап кылып жазган мен сондай талантты акындар казiр де бар екенiн айткым келген
      ответить
      • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 10 июля 2011, в 20:57:19
        Қандай керемет! Олай болса көкеңіздің өлеңдерін осында салып тұрыңыз, біз қазірден таныса берейік))(
        ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться