әдемі өлең

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 11 июля 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Жалғыз райхан...
Ол да қурап қалғалы,
Өткенімді алмаушы едім есіме.
Сенің мұңлы жанарыңдай сондағы,
Бүгін аспан жылады екен несіне?
Кетем деп ең,
Қал дегенім жок тағы,
Менсіз саган жеңіл болар тәрізді.
Ессіз нөсер сонау жүрек жақтағы,
Жаңғыртам деп шайып кетті бар ізді.
Қураған гүл.
Соңғы демі сезілді,
Сол бір демнен әлсіз әуен естілді:
Аяр болсан өзіңді, аямайсың ешкімді!
Сөніп барып, лап ететін өрттей боп,
Суып барып, кайта өзімді жылыттым,
Айығарда бір соғатын дерттей боп,
Ақырғы рет аңсадым да..
Ұмыттым!

Е.Жүніс



616
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 11 июля 2011, в 18:15:07
    Әсерлі өлең. Әсіресе, соңғы сөз кесіліп айтылған
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться