Саған...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 13 июля 2011
Куралай Омар
 

Жеткізбей арманыма іркеді күн,

Сағыныш торлап жанды, бүркеді мұң.

Жанарым мөлдір тамшы төккенінде

Жүрегін орамал қып сүртеді кім… сенен басқа...

 

Сөздерің сенің ғана жылытады,

Көңілдің өзіңе аян сыры тағы.

Күнтізбе бетін санап отырамын...

Жылжымай, ол да дымды құрытады.

 

Сергелдеңге салады күнім, түнім,

Уысында уақыттың үгітілдім.

Күтуден талып кетті қарашығым,

Көзінен өпші келіп үмітімнің.



445
  • اسجةقيعصتدش . اسجةقيعصتدش . 15 июля 2011, в 17:31:34
    «күнім, түнім» мен үгітілдім және үмітімнің ұйқас емес
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться