Сенсіз..

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 20 июля 2011
Мейіргүл Оңғарова
 

Сайрамай отырсың сен неге үнсіз?
Бақтағы бұлбұл.
Жанымды жүдеткен менде де бір сыз,
Құрғыр…


Ақ шағала да қиқуламайды,
Тізбегін тізіп.
Жанымда неге күй туламайды?!
Қызық…


Аққулар жұбың жазылмай бірге,
Жүзбедің әлі.
Жападан жалғызбын лағылдай түнде,
Пәлі!..


Бәрі де тыныш, мұң ішкен бәрі,
Бар әлем мұңды.
Жүректің қайда күліскен әні?!
Тынды…


Жоқ! Бәрі орнында екен!
Баяғы көктем.
Тірліктен жырақ қалдым ба бөтен?
Әттең…


Серік боп маған қалған бір Түн-ау,
Өзгесі – жөнсіз…
Қызығы жоқтай жалғанның мынау,
Сенсіз….


Қолыңда тұр ма бағымның бәрі,
Кербезім керім.
Өзің екенсің жанымның сәні,
Менің…



532
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться