Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мен-Нәзік гүлмін!

Мен-Нәзік гүлмін!

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 21 июля 2011
Рауана Асхатқызы
 

Хабарласпай кеткенің дұрыс болды,

Көңілі таңғы судай салқындасын деген шығарсың,

Оңашада қаймығып, ән тыңдасын деген шығарсың.

Менен басқа өмірді де есіне алсын деген шығарсың,

Егіліп жыларсың да басыларсың деген шығарсың.

Май айында басынан күзді өткерсін деген шығарсың,

Сүйетіні шын болса, іздеп келсін деген шығарсың.

Мейрамда да қуанбай, мұңға батсын деген шығарсың,

Сынық жүзден суық мұз сырғанатсын деген шығарсың.

Менің әлсіз жанымды күйретейін деген шығарсың,

Қаталдыққа осылай үйретейін деген шығарсың.

Бәрі де солай болды, жылаймын мен,

Ерісе деп ертерек мұз боп қалмаймын

Бәрі де солай болды, тек қана іздеп бармаймын

Мен — нәзік гүлмін, сен — құламайтын шынарсың,

Бірақ мен шыдаған дауылға, оған сен шыдамайтын шығарсың!

авторы: Күләш Ахметова.



3754
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 22 июля 2011, в 09:19:30
    Қандай жақсы сөздер! Әсіресе соңғы жолдары қатты әсер етті
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться