Алданыппын...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 21 июля 2011
Рауана Асхатқызы
 

 

Кетпеші деп несіне жалынайын

 Онсыз да басып жатыр сары уайым

 Дегенің болсын сенің,

 Қоштасайық

 Мен де мұңнан біржола арылайын.

 

 Жанарымды несіне жасқа малдым,

 Бәлкім бағын ашарсың басқа жанның

 Тым биікке ұмтылсаң тілеулеспін

 Мен-ақ сенің болайын баспалдағың.

 

Ұнаттым деп алдапсың,

 Ұнатпадың

 Онда несін сен маған сыр ақтардың

 Азапты ғып, әр күнді,

 Мазақ қылып

 Жүре бердің

 Соңыңнан жылап қалдым.

 

Алданыппын,

 әу баста-ақ ұнатпапсың

 Жалған жауап беріпсің сұраққа шын

 Сонда да мен тілеймін Жаратқаннан

 Сені ешкім, ешқашан жылатпасын.



450
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться