Бақытты өлең

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 29 июля 2011
Самғат Шоңбасов
 

Бақытым қайда кеттің сен көшіп

Арман боп әлде кеттің бе өсіп 

Жүрмін ғой іздеп мен сені көктен 

Аспаннан іздеп, жерден де тосып 

 

Келсеңші енді уақытты созбай

Жыладым кейде еңіреп, боздай

Қасыма келші бақытым менің

Жаманнан қалмай, жақсыдан озбай

 

Тілегім менің өлеңмен кетті 

Қауырысын қалам жыр жолын төкті

Бір саған өлең жазуым үшін 

Көзіммен сүздім көгілдір көкті

 

Бақытым менің өлеңім болды 

Бір парақ таза сыр жолға толды

Ақ қанат ақ құс өлеңім менің

Айналып келіп параққа қонды



471
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться