Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Умітімді жылатпаса болганы... (Айжан Табараккызы)

Умітімді жылатпаса болганы... (Айжан Табараккызы)

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 30 июля 2011
Куралай Омар
 

Бұл көктемнен не күтіп ем…

Сенi ме?! Мұң жылайды көзімде,

Тыңдайыншы, айтар екен сезім не?

Өткен күннің құшағында қалған Күз,

Несібемді келіп тұрмын бер, міне…

 

Кө-ө-өп күттім ғой…

Нені күттім сағынып?!

Бір жылылық күткен мынау жанымды ұқ.

...Қойшы, осы мен кімге не деп отырмын?

Нені күтем, өшті емес пе бар Үміт?!

 

Ұры ойлары тағы да ұлып санамның,

Күтеді ылғи, талдырып құр жанарын…

Тағы да сол амалсыздан ақыры

Тағдырымның бағамын-ау қабағын.

 

Өкпелі ме, соңғы кездер Ол дағы,

Араласып кеткеннен соң Сор, Бағы.

Мені қойшы, шыдаймын ғой, шыдаймын...

Үмітімді жылатпаса болғаны…



610
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться