Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мен сені сағынғанда... МҰҚАҒАЛИ

Мен сені сағынғанда... МҰҚАҒАЛИ

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 31 июля 2011
Наз қоңыр
 

 Мен сені сағынғанда,

Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
Мен сені қызғанамын,
Қызғаныштан мұз шайнап,
Тұз жаладым.
Шаңқылдап алдымнан шық,
Ана-қыран,
Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.
Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,
Жет тездеп,
Дауыл тұрғыз қанатыңнан.
Сен — мендік, мен — сендікпін, ана-қыран,
Қыранбыз, қырандардан жаратылған!
Сағыныштың сағымын жамылғанда,
Қарамай қара нөсер қағынғанға,
Саған ұшам,
Қалмайды сабыр жанда,
Мен сені сағынғанда, сағынғанда...


2857
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 31 июля 2011, в 15:10:54
    Жүз жылда бір туар Мұқағалидай азамат қайта туар ма екен?!
    ответить
  • Самғат Шоңбасов Самғат Шоңбасов 31 июля 2011, в 19:00:09
    Ақиық ақынды қайталаудың қажеті жоқ.Ақындарымызға алла дарын мен шабыт берсін.
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться