Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Рамазан айы (жығылғанды демеп,жылағанды жұбататын,мұң-мұқтаждардың қабағын кірбіңнен арылтатын шынайы жанашырлықтың айы).

Рамазан айы (жығылғанды демеп,жылағанды жұбататын,мұң-мұқтаждардың қабағын кірбіңнен арылтатын шынайы жанашырлықтың айы).

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 1 августа 2011
Самғат Шоңбасов
 

 

Жаңа ай мен соңғы айдың арасындай қашықтық

Бір ай ұстап оразаны, бір ай бойы ашықтық

Ауызашар, сәресінің берекесі бір бөлек 

Құран кәрім аяттары түскен күнге асықтық 

 

Таң атқаннан кешке дейін дағды болып бойыңа 

Әрбір күнің айналғандай қуанышты тойыңа 

Сырларыңды түйсінудің кеңістігі ең құтты

Қадам бастар жанашыр ай күнәларды жоюға 

 

Жаббар ие қолдаушым ең қаламыма қуат бер 

Адамзатқа бақыт жолын байқататын сынақ бер

Жерді басып жүргендегі көрген сенің бақытың

Салыстырып көруге де келмес еді жұмақпен

 

Нұр шашатын, гүл ататын мына ғажап ғаламға

Алла өзің бақыт сыйла байтақ менің далама

Басындағы бар бақытын бағалауы үшін де

Бес күндік бұл жалғанда да сенім керек адамға 

 


401
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться