Бір үзік ой

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 1 августа 2011
Самғат Шоңбасов
 

 

Жинағаным қақ жарып тұр барлық баллдар ортасын 

Биіктерден биігірек болмағасын қорқасың

ҰБТ-ның ұлы сәтін артқа тастап кеткен соң 

Ұлытаудан асқандаймыз басып өтіп қыр- тасын

 

Жинағаным103 болды 125ішінен 

Бұл пәлендей көп балл емес адамдарға түсінген 

Мемлекеттің грантын күтіп жүрген біз жанбыз

Оқу менен білім ғана кетпейтұғын түсінен 

 

Қазақ тілді қанып іштім,өткердім

Орыс тілдің аттап өттім өткелін

Мекен жайым 86, алған балым86

Нұр шашып тұр, гүл атып тұр көктемім

 

Мұхтар аға айтқаны да сақтаулы тұр көңілде

Үлкен адам болу үшін арман керек өмірде

Саған бақыт келмейді екен айналып 

Басың қатып жүре берсең жөніңе

 

Маған оңай мақаладан өлеңім

Сол өлеңім менің бір сыр өнерім

Қадамыма қанат бітсін деуменен

Қаламыма қан жүгіртіп келемін



404
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться