САҒЫНЫШ

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 3 августа 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Осылай, жаным, ұдай
Кетісіп сағынармыз.
Адамның бәрі — құдай,
Құдайдың бәрі — жалғыз.

Тағдыр сол желөкпе тек,
Нетеміз, көнеміз де.
Кетеміз бөлек-бөлек
Бейшара кемемізде.

Кетеміз жағамызға,
Алысқа үңіле кіл.
Қайталап санамызда:
«Жалғыздың жүгі жеңіл»,
Жалғыздың жүгі жеңіл...

Соңғы сөз, соңғы нүкте
Бірлікке тыйым салар.
Жалғыз жан торға іліксе,
Тірлікте қиын соғар.

Осыны ойламадық,
Жаным-ау, қате еді бұл.
Асқақтық бойлап алып
Біздерді кетеді кіл.

Сезімге жарымаған
Жылайды әлі кеуде.
Құдайдың бәрі де — адам,
Адамның бәрі  — пенде...

Әділ Ботпанов



571
  • Anarka Must Anarka Must 04 августа 2011, в 09:57:21
    Жақсы өлең екен.
    ответить
  • Самғат Шоңбасов Самғат Шоңбасов 04 августа 2011, в 11:21:13
    Соңғы жолдары түсініксіз болып тұр.Құдайдың бәрі де-адам, Адамның бәрі пенде деген жолдары
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться