Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Жапырақ – ғұмыр

Жапырақ – ғұмыр

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 8 августа 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Бір сырым бар. Кімге айтып наз ғыламын?
Күлгін түсті күндерден жаз құрадым.
Жапырақ жеңіл күрсінді, білмегендей
Тағдыры үшін кімдерді жазғырарын.


Жапырақ-ғұмыр айтады сізге нені?
Бәлкім ол да бір бақыт іздеп еді?..
Жаңбыр жанның мұңайған кездеріндей,
Жібітем деп шаршаған мұз денені.


Жаз өтеді -пайымда, пайымдама.
Жаздан қалған жақсы елес -уайым ғана.
Жапырағын жұлқыған тентек желмен
Сәл жатырқап тілдесер қайың бала.


Гүл мүсінін жел бұзып, мұң шағылып,
Момын күзден шығар деп мұнша қылық
Ойламаған емен де күзге еріп
Кеткісі кеп, көктемді тұр сағынып…

Айсұлу Рүстемова



425
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться