Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Өліп өшіп әйел ғашық болмасын

Өліп өшіп әйел ғашық болмасын

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 8 августа 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Өліп өшіп әйел ғашық болмасын,

Өліп-өшіп ғашық болса ол саған,

Бар дүниені ұмытады қоршаған.

Жібітеді, жылытады әйтеуір,

Мейлі тіпті жүрегің тас болса да.

Жалынбайды жылу сұрап ол сенен

Өз жылуы өз жүрегін өлшеген.

Қаламайды ол, қарамайды ол басқаға,

Жаны жүдеп жалғыздықтан өлсе де.

Оған қымбат қуанғаның күлгенің,

Оған қымбат сенің есен жүргенің,

Барын салып жанын салып күтеді ол

Табуы үшін көңіліңнің түрлі емін.

Сағынышта қайғы да бір қорғасын,

Ал үмітің мәңгі серік жолдасың.

Ұнатуда ғажап сезім алайда

Өліп – өшіп әйел ғашық болмасын..

 И.Исаев



721
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 08 августа 2011, в 13:25:41
    Қандай күшті айтылған
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться