Сообщества  >   Поэзия, ғашығым қасыма алған...  >   Мына әлемге керек ауа, керек күз

Мына әлемге керек ауа, керек күз

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 9 августа 2011
Жанар Сейтмат
 

Мына әлемге керек ауа, керек күз.

Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.

Мені біреу сүйсе деп ем, жай ғана,

Мені біреу сүйсе деп ем себепсіз.

Сүйсе деп ем қыңыр, қисық қалпыммен,

салыстырмай гауһар, күміс, алтынмен.

Сұп-суық деп ойлайды екен оны да,

тым сезімтал жұбай болар қар кіммен.

Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,

және көңіл көтерген соң кешқұрым.

Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі,

Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң.

Күн егерде не болады күлмесе,

Бәрімізді жан қалмайды Күн десе.

Түнге ғашық адамдарға таңғалма

Түнді неге сүйетінін білмесе.

Кетер едім құс боп ұшып дерексіз,

кете алмадым жан секілді керексіз.

Мені біреуді сүйсем екен жай ғана,

Мен біреуді сүйсем екен себепсіз.

Танакөз Толқынқызы



1696
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться