Мені ойла...

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 10 августа 2011
Айжан Нұрланқызы
 

 

Жүз ойлап барып жаятын жұртқа теңдігін,

Еркелігімді емдейді, жаным, енді кім?

Дауылға ескек ететін менің арманым,

Ауылда не істеп жатыр екенсің сен бүгін...

 

Сүйген жүректің белгілі сыры маған да,

Тоса білмесең тамшысы қалар жағаңда.

Сағынышыңды аялап қолға алдың ба,

Ақталып жатқан, тапталып жатқан табанда.

 

Алыстан ойлап, алыстан сезіп, алыстан,

Барады сайрап уақыттың тілі данышпан.

Сезінесің бе мендегі ойдың күресін,

Көз ілесің бе жұлдызға қарап жарысқан.

 

Мені де мүмкін мінсіз ойлы деп ұғарсың,

Жанарың сенің кеудеме басқан тұмар шын.

Анаңның бір сәт ағарған шашын иіскеп,

Әкеңнің алақанында жатқан шығарсың...

 

Сағындым сені, елесіңде де өп мені,

Сағынышымды шақырсам ба екен көктегі.

Өмірдің өзі ойлай алған соң маңызды,

Мені ойла, жаным, мені ойла, жаным, тек мені...

 

Қанат Рамазан. Алматы. 2011 жыл.



569
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться