Ескі мұң

rss Поэзия, ғашығым қасыма алған... 10 августа 2011
Мөлдір Махаббат*
 

Бүгін тағы мазалады ескі мұң,
Ескі мұңнан ескі әуендер естідім.
Асау жылдар алдарқатты,
алдында
Айыбым мен күнәм болса, кеш, гүлім.
Кешір, гүлім,
қоңыр кеште еске алған,
Күндіз-түні көкейімді тесті арман.
Есің болса, есіңе алма бейбақты,
Ерте туып, көп нәрседен кеш қалған.
Ескі мұңым,
мөлдір бастау,
мөлдір мұң,
Мені тағы дегеніңе көндірдің.
Нарық заңы жағамнан ап тұр қазір,
Оңаша қап сырласайық, кел бір күн.
Ескі мұңым,
ескі мола,
ескі ауыл,
Көрдім, сездім күнді бастан кешті ауыр.
Мен ортаңда бола алмадым талай жыл,
Ұмытқам жоқ, кеш, құба бел, кеш, бауыр.
Атам өткен,
анам өткен дала бұл,
Бейітті орай құлпырады лала гүл.
Аяулым-ау, мұңым ескі болғанмен,
Дүниеге келді ойлы жаңа жыр.

Қасымхан Бегманов



493
  • Ғазиза Ұзақ Ғазиза Ұзақ 11 августа 2011, в 09:57:51
    Ескіні еске түсірмеуге тырысайық
    ответить
Чтобы оставлять комментарии Вам необходимо войти или зарегистрироваться